Болгар экономисі Георгиеваның мәлімдейінше, экономикасы енді дамып келе жатқан елдерге дағдарыстан шығу үшін кем дегенде 2,5 триллион доллар қажет болады. COVID-19 пандемиясынан әлемде 27 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Георгиева Халықаралық валюта қоры саясатын айқындау жөніндегі топқа мүше 24 елдің өкілдерімен бірге телефон көмегімен конференция өткізді.
"2009 жылдағыдай аса қиын рецессия басталғаны бәріне мәлім. Жағдай одан да қиын болуы мүмкін", - деді Георгиева.
Ол дамушы елдерді бұдан да ауыр қиыншылық күтіп тұрғанын ескертті. Оның айтуынша, әлемнің 81 елі қордан қаржылай көмек сұраған.
Abai.kz