WTI үлгісіндегі мұнайдың бір баррелінің бағасы 2002 жылдан бері бірінші рет 20 долларға дейін төмендеді. Brent мұнайы 23 доллардан сәл асатын бағаға сатылып жатыр.
Наурыз айының басынан бері әлемде шикізат бағасы 50 пайызға түсті. Мұнай бағасының арзандауына Ресей шикізат өндіру көлемін азайту бойынша ОПЕК-пен келіспей қалғаны себеп болды. Сауд Арабиясы COVID-19 пандемиясына байланысты экономиканы қолдау үшін мұнай өндіруді азайтуды ұсынған.
Ресей мен ОПЕК ортақ келісімге келе алмай, бұл арада коронавирус жайылып жатқандықтан, АҚШ-та мұнайға сұраныс төмендеді. Осыған байланысты өндірушілер тұтынушыларға мұнайды сақтау орындарынан алып кету үшін бір баррель үшін 19 центтен қосып төлеп беріп жатыр.
Abai.kz