Олар әлемде коронавирустың таралуынан туындаған мәселелерді талқылап, өз елдерінде жасалып жатқан шаралар туралы пікір алмасты.
Кремль сайтында жарияланған мәлімет бойынша, президенттер әлемнің мұнай нарығында қалыптасқан жағдайды талқылау кезінде Ресей-АҚШ консультациясын күшейтуге келісті.
Бұның алдында Трамп Ресей мен Сауд Арабясы арасындағы мұнай бағасына қатысты соғысты талқылайтынын мәлімдеген.
Fox телеарнасына берген сұхбатында Трамп: "Мен біздің ел тарихында Ресейге ең қатаң саясат ұстанған президентпін. Мен санкциялар енгіздім, оның әсері күшті", - деді.
Abai.kz