Компания төтенше жағдай кезінде бара алмай қалған барлық жолаушыларға билік құнын қайтарып беретінін айтты. Онлайн немесе кассалар арқылы ақшаны қайтаруға болады. Компания дерегінше, 12 наурыздан бері шамамен 590 мың билет қайтарылған.
"Жолаушылар тасымалы" төтенше режимі алынғаннан кейін пойыздар қайта жүре бастайтынын айтады.
Қазақстанда 16 наурызда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Бірнеше қала, аудандар карантинге жабылып, шектеу шаралары күшейтілді. Бұған дейін елде халықаралық әуе рейстердің де тоқтайтыны хабарланған еді. Билік 15 сәуірге дейін жарияланған төтенше жағдай режимінің созылуы мүмкін екенін айтады.
Abai.kz