Сенбі, 23 Қараша 2024
3245 14 пікір 3 Сәуір, 2020 сағат 11:32

АҚШ барлау қызметі: Қытай коронавирус індетінің шынайы таралу ауқымын жасырды

Қытай билігі коронавирус індетінен көз жұмғандар мен вирус жұқтырғандар туралы ресми деректі бұрмалаған. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйге құпия баяндамасын таныстырған Америка барлау қызметі осындай қорытындыға келген.

Bloomberg агенттігінің дереккөзі баяндама туралы қосымша ақпарат бермеген. Қытай билігі Ухань қаласында желтоқсан айында тараған вирустан 3300 адам көз жұмды, 82 мыңнан астам адамға вирус жұқты деп мәлімдеген еді.

АҚШ-та 200 мыңнан астам адамға вирус жұққан, төрт мыңнан астам адам қайтыс болған.

"Қытай ашық болғанда жағдай әлдеқайда жақсырақ болар ма еді. Қытайда вирус пайда болғаны туралы ақпарат әлемге таралғанға дейін эпидемия бір ай бұрын басталған болуы мүмкін" деді сәрсенбі күні АҚШ вице-президенті Майк Пенс. Президент Трамп Америка барлау қызметінің баяндамасымен әлі таныспағанын айтып, Пекин берген деректі "жұмсақтап айтқанда толық емес" деп атады.

Эпидемияның шынайы ауқымын көрсету коронавирустың таралуын модельдеу үшін маңызды және онымен күрестің тиімділігін бағалау үшін өте қажет. Сейсенбі күні коронавируспен күрес жөніндегі Трамптың кеңесшісі, иммунолог Дебора Биркс Пекин берген ақпарат коронавирустың таралу жылдамдығы мен даму табиғатына әсер етті деп айтты.

Уханьдағы жерлеу мекемелерінің өртелген мәйітті салатын сауытқа көп тапсырыс бергені туралы дерек бар. Туыстарының күлін алу үшін мекеме алдында ұзын-сонар кезек пайда болған. Бұл коронавирустан өте көп адамның қайтыс болғанын дәлелдейді. Кейбір дерек бойынша, Қытайда вирустан қайтыс болғандар саны 40 мыңнан асып кеткен.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364