Сенбі, 23 Қараша 2024
3281 2 пікір 3 Сәуір, 2020 сағат 17:42

«Елім деген әр азамат әскер қатарынан табыларына сенімдімін»

2 сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "әскери міндеттілерді жиынға шақыру" туралы жарлыққа қол қойған еді.

Бұл шара карантин жағдайында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекетке төтенше жағдай режимін сақтауға көмектесу үшін қажет.

Осы орайда Қазақстанның әр аймағында түрлі қызметте істеп жүрген қазақстандықтардың пікірін білген едік, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Р.Қасенхан: Елім деген әр азамат әскер қатарынан табыларына сенімдімін

Мемлекет басшысы тарапынан қолға алынған бұл шара Қазақстанның әр аймағындағы азамттардан қолдау табуда. Соның бірі - Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының  директоры Расул Қасенхан. Ол елім деген әр азамат зор жауапкершілік танытып, үлкен табандылықпен осы игі бастамаға үн қосып, әскер қатарынан табылатынына сенім білдірді.

"Бүгінгі таңда бүкіл әлемді алаңдататып отырған пандемияға, қауіпті індеттің алдын алуға байланысты біздің елдің аймақтарында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осындай ел басына күн туған сын сағатта халықтың тыныштығы мен денсаулығы жолында әр азамат өз адамгершілік, азаматтық ұстанымын айқын танытатын сәт туды. Елім деген әр тұлға зор жауапкершілік, үлкен табандылықпен осы игі бастамаға үн қосып, әскер қатарынан табылады деп сенемін", - деді Расул Қасенхан.

Оның сөзінше, осынау қиын кезде әр азамат Отанының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысуға тиіс.

"Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, Ер басына күн туса, етігімен су кешер" - деген халық даналығы Елін, Жерін сүйген әр перзентке осындай қиын шақта намыс пен жігер отын сыйлайды деген үмітіміз зор", - деді ол.

Сонымен қатар ол бұған дейін де төтенше жағдайға байланысты Қарағанды облысының әкімдігінде жедел әрекет ету орталығы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ол қазір еріктілік қызметті үйлестіруші.

"Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жедел әрекет ету орталығы (ЖӘЕО) ашылды. Жаңа құрылым өңірлік жедел штабтың негізгі шешім қабылдау орталығы. ЖӘЕО-ға біз барлық жұмылдырылған құрылымдар мен қызметтер мамандарын: полицияны, СЭҚ, әскери, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық басқармалар мен департаменттер жұмылдырылған. ЖӘЕО-на облыста не болып жатқаны туралы барлық ақпарат келіп түседі. Мен мұнда қазір еріктілік қызметті үйлестіруші болып қызмет істеймін. Қарт кісілерге хабарласып, үйден дүкенге, дәріханаға шыға алмай жатқан үлкендерге еріктілер тауып беремін", - деді Расул Қасенхан.

ЖӘЕО-нің жұмыс тәртібі - 24/7. Оның айтуынша, бұл штабтың жұмысы іс-қимыл бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу үшін өте маңызды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366