Сенбі, 23 Қараша 2024
3445 2 пікір 4 Сәуір, 2020 сағат 13:00

Абаев: елімізде діни мерекелерді тойлауға тыйым салынады

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев COVID-19 пандемиясына байланысты елімізде діни мерекелерді тойлауға тыйым салынатынын айтты. 

Министрдің айтуынша, сәуір айында қазақстандықтар үшін маңызды бірқатар маңызды діни мейрам бар.

«Олар - ораза, православ, католиктердің пасхасы, яһудейлік песах және тағы басқа. Сөзсіз олардың барлығы көптеген азаматқа үлкен маңызы бар. Біз дін ұстанушы азаматтарымыздың діни сеніме зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіріп отыр. Сондықтан көптеген ел эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізіп жатыр. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі, бұл діни шаралар кезінде ғибадат орындарында туыстары және жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады»,-деді ол онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, Абаев діни мейрамдар кезіндегі қауіпсіздік шаралары барысында карантин режимін бұзбау қажет екенін баса айтты.

«Қазіргідей күрделі уақытта ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандағы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этномәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарын түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестікке мерекелік діни рәсімдерді онлайн режимде өткізуге ұсынамыз», - деді Абаев.

Айта кетейік, бүгінде коронавирус індетін жұқтырғандар саны елімізде күн сайын артып келеді. Мемлекет тарапынан төтенше жағдай жарияланып, бірқатар қалалар карантинге жабылды.

Ал, соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жетті. 35 адам жазылып, 4 адам қайтыс болған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366