Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2221 0 пікір 13 Қазан, 2011 сағат 07:06

Мәжілісмен Елекеев спикер мен оның орынбасарына «халықаралық сыпайылық» сабағын өткізді

Астана. 13 қазан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР парламент мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев бейсенбі күні алқа отырсында палата спикері Орал Мұхамеджанов пен оның орынбасары Владимир Бобровқа «халықаралық сыпайылық» не екенін түсіндірді, деп агенттік тілшісі хабарлады.

«Қымбатты әріптестер, мен сіздерге тағыда өте маңызды мәселемен жүгінуге мәжбүр болып отырмын. Сіздермен Қазақстан Республикасының заң шығарушы ең жоғарғы орган депутаты ретінде, азамат ретінде өзімнің ойыммен бөліскім келеді. Жақында Астанада «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде: тәуелсіздіктің 20 жылы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Соның қарсаңында сыртқы істер министрлігінің тұрақты өкілі аталған конференцияда елімізде аккредиттелген дипломаттардың қатысатынын хабарлады.

Форумның өтуіне бастамашыл болған Қазақстан парламентінің мәжілісі, ұйымдастырушысы - халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет. Комитет төрағасы А. Жолшыбеков мырза тыңғылықты, тамаша баяндама жасады», - деді И. Елекеев бейсенбі күнгі алқа отырысында.

«Маған әлем, Қазақстан көшбасшысының ядролық қарудан бас тарту және ядролық қарусыз әлемге шақыру бастамасын әлі толық сезіне алмай отырғандай. Президент бастамасын конференцияда еліміздің көрнекті қайраткерлерінің бірі, ҚР парламентінің мәжіліс төрағасы аша алар еді. Оның үстіне, оған елімізде аккердиттелген шетелдік елшілердің барлығы дерлік қатысты. Өкінішке қарай спикер аталған конференцияға қатыспады. Оның себебін білмеймін, бәлкім одан да маңызды кездесулер болған шығар, бірақ қорытындысында біз, біздің президенттің бастамасын тағы бір рет паш ету және әлемдегі ядролық қауіпсіздік маңыздылығы туралы еске салу  мүмкіндігінен айрылдық», - деп есептейді мәжіліс депутаты.

Халық қалаулысының айтуынша, конференцияны А. Жолшыбеков ашқан соң, мәжіліс вице-спикері Владимир Бобров құттықтау сөз сөйледі.

«Бірақ үзілістен соң, палата төрағасының орынбасары өзінің әріптесі, Қырғызстан Жогорку кенеш төрағасының орынбасары Асылбек Жанибековты тастап, кетіп қалды», - деді И. Елекеев.

Депутат «дипломатиялық протокол ережесі халықаралық сыпайылық принциптері дегенге, әлемдік тәжірибеде қабылданған әдептілік ережесінің жиынтығына негізделгеніне, халықаралық қатынастарда ізет пен құрмет сақаталатынына» сенім білдірді.

«Халықаралық сыпайылықты бұзу, әсіресе әдейі жасалса, ол мемлекет беделі мен абройына нұқсан келтіргендік деп қарастырылады. Мен, Бобров мырза жоғарғы елшілерге қатысты әдейі сыйламаушылық танытты деп ойламаймын, ол ұзақ уақыт кәсіпкер ретінде өзіне ғана жұмыс істеген адам, жәй әшейін, мемлекеттік іс туралы ұмытып кеткен болар», - деді мәжілісмен.

Мысалы, хаттамалық формальды түрде айтылған қағытпалар, И. Елекеевтің айтуынша, сыйламаушылық, немесе дұшпандық деп бағаланып және халықаралық қақтығыс тудыруы мүмкін.

«Сыйлағандарыңызға рахмет», - деп депутат өз сөзін тәмамдады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534