Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген,- делінген Денсаулық сақтау мнистрлігінің сайтында.
Айта кетейік,бұл Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған алтыншы өлім жағдайы. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Ақмола облысында 2 адам, Қарағанды облысында 1 адам және Түркістан облысында 1 адам өлімі тіркелген болатын.
Abai.kz