Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2102 0 пікір 13 Қазан, 2011 сағат 07:06

ҰЛЫ ДАЛАҒА КЕЛІҢІЗ!

2011 жылғы 15 қазанда, Қазақстан Жазушылар Одағының салтанат залында (Абылай хан, 105, Төле би көшесінің қиылысы), «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайы өтеді. Құрылтайда қоғамдық-саяси қозғалыстың жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, жетекші органдары сайланады.

ХХІ ғасырдың барлық талаптарына жауап беретін жаңа форматтағы ұлттық қозғалыстарға қоғамның сусап отырғанына біз нық сенімдіміз. «Ұлы дала» қозғалысы осы саяси, қоғамдық, әлеуметтік сұраныстың орнын толтырмақ. Тұсауын кескелі отырған ұйым ұлттық либерализмнің қанат жаюына мұрындық болады, прогрессивті консерватизм идеологиясын насихатттайды. Біз өз ұлтымызды ұйыта алатын ортақ құндылықтарға иек арта отырып, этникалық немесе басқа да тегіне қарамастан  «қазақ үшін», «мемлекет үшін» дейтін барлық ел азаматтарының басын біріктіруді мақсат тұтамыз. Қазақстанның жиырма жылда жеткен жетістіктерін, батыстың озық демократиялық құндылықтарын қабылдай отырып, «Ұлы дала» қозғалысы қазақтың тілін, салт дәстүрін, тарихын, ұлттық құндылықтарын сақтауды, жетілдіруді басты міндет санаймыз.

«Ұлы дала» қозғалысы - қоғам қайраткерлерінің, ұлттық бизнес өкілдерінің, зиялы қауым мен жастардың, азаматтық ұстанымдарын биік қоятын барлық жандардың басын қосады. Ұйым өз құрылтайын өткізіп, заңды тіркеуден өткен соң еліміздің барлық аймақтарынан өз бөлімшелерін ашады.

Біз Қазақстанның қоғамдық өміріне белсене араласуды мақсат еттік. Сондықтан, туған Отанымыздың, еліміздің тағдырына бейжай қарамайтын барлық азаматтарды «Ұлы дала» қозғалысын қолдауға шақырамыз.

«Ұлы дала» қозғалысының ұйымдастыру комитеті

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

Тел: +7 /727/ 3976101, 3969071

Факс: +7 /727/ 3976101

e-mail: aidos.sarym@yahoo.com

Ұйымдастырушылар: Ғабиден Жәкей +7(701) 7771969, Айдос Сарым +7(701) 9998222

0 пікір