Сенбі, 23 Қараша 2024
2814 1 пікір 5 Сәуір, 2020 сағат 13:02

Алматыда 280 орынға арналған госпиталь салынады

Алматы қаласында 280 орынға арналған провизорлық госпиталь салынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады. 

Кеше қала әкімі Бақытжан Сағынтаев госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.

Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын.

Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі.

Құрылыстың мұндай модульды технологиясы аталған госпитальды осынау сын сағатта аз уақыт ішінде салып бітіруге мүмкіндік береді.

Госпиталь коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және қатерлі індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арналған.

«Мұндай госпитальдар бізге індет жұқтырған жандарды дер шағында анықтауға, оларды дереу оқшаулауға және науқастардың уақытылы әрі жүйелі ем-дом қабылдауына мүміндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұратын боламыз», – деді Сағынтаев.

Аталған нысанның жоспарымен және сызбаларымен танысқан Б.Сағынтаев бүгінде орнын тегістеу жұмыстары басталып кеткен жаңа госпитальдің құрылыс алаңын мұқият қарап шықты.

Сондай-ақ, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін де пысықтауды тапсырды.

Мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387