Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2379 0 пікір 13 Қазан, 2011 сағат 07:09

Қазақстанда Дина Нұрпеисованың 150-жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтілуде

15 қазанда сағат 18-00-де Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында Қазақ КСР-нің халық композиторы, ұлы күйші Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойына арналған театралдық-концерттік қойылым өтеді, деп хабарлады ҚР мәдениет министрлігінің Баспасөз қызметі.

Іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа қазақ күй өнерінің аса дарынды өкілі Дина Нұрпейісованың мол мұрасын насихаттай отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту болып табылады.

Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынова, атақты күйшінің немересі Төлеген Қуанышев, әдебиет және өнер қайраткерлері іс-шараның құрметті қонақтары ретінде шақырылып отыр. Қазақтың классикалық домбыра өнеріндегі композитордың шоқтығы биік «Бұлбұл», «Байжұма», «8 март», «Науысқы», «Тойбастар», «Он алтыншы жыл» т.б. шығармаларын «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары Анар Мұздаханова, Андрей Сендриков, Раушан Оразбаева және тағы басқалары өнер көрсетеді деп күтілуде.

Мерекелік шара «Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл толуын дайындау және өткізу» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 қаулысына сай өткізіледі.

Мерейтойлық іс-шаралар республикамыздың аймақтарында домбырашылар конкурстарын, салтанатты концерттерді, театралдық-концерттік қойылымдарды ұйымдастырып, өткізуді мақсат етеді.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық домбырашылар байқауы ұйымдастырылса, Астанадағы С.Сейфуллин мұражайында музыкалық-танымдық кеш болып өтті. Сонымен қатар осы жылдың ішінде «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында әйгілі күйшінің өмірі мен шығармашылығын баяндайтын «Менің домбырам» және «Күмбірлеген домбыраның сазды үні» атты екі деректі фильмдердің тұсаукесері өтті. Ал «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарлама аясында күйшілер Айтжан және Айтолқын Тоқтағандардың авторлығымен «Күйші Дина: Тарту-Сәлемдеме» атты кітап жарық көрді.

Анықтама тел.: 54-64-77

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532