Жәкішевтің үстінен ашылған екінші қылмыстық іс аяқталып, прокуратураға тапсырылды – адвокат
Астана. 14 қазан. ҚазТАГ - Давид Ян. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАТ» АҚ экс-президенті Мұхтар Жәкішевтің үстінен қозғаған екінші қылмыстық іс аяқталып, танысу үшін прокуратураға өткізілді, деп агенттікке оның адвокаты Нұрлан Байсекеев жұма күні хабарлады.
«Бүгін іс айыптау қорытындысымен прокуратураға тапсырылды», - деді адвокат жұма күні.
Адвокаттың айтуынша, М. Жәкішевке айыптау қорытындысы прокуратура танысып болған соң, және ол бекітілген соң тапсырылады.
«Олар заң бойынша 10 күнен астпайтын мерзім аралдығында іспен танысулары тиіс», - деді адвокат.
Ол М. Жәкішев бұрындары прокуратура айыптаған ҚР ҚК баптары бойынша айыпталып отырғанын жеткізді.
Еске салсақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАТ» АҚ экс-президенті Мұхтар Жәкішевтің және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты екінші қылмыстық істе ҚР ҰҚК ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 тармағы, «а», «б», «г» тармақшасында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) және ҚР ҚК 176 бабы (сеніп тапсырылған басқаның мүлкін талан таражға салу) бойынша айыптаған. Бұл қылмысты ол мемлекеттік қызметті атқаруға құзыретті тұлға бола тұрып, бір топ адамдармен жасаған деп айыпталады.

Бас прокуратура бұл істің құпиялығына сілтемелеп, М. Жәкішевтің қандай заңсыз іс жасағанын және кімдер сотқа тартылатынын айтпады. Бұрын хабарланғандай, 12 наурызда Астананың Сарыарқа аудандық №2-ші соты М. Жәкішевті біреудің сеніп тапсырған мүлкін талан таражға салған (ҚР ҚК 176 бабы) және пара алған (ҚР ҚК 311 бабы) деп айыптап, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 14 жылға соттаған.
М. Жәкішев «Қазатомөнеркәсіп» президенттігінен 2009 жылы 21 мамырда босатылып, ал 24-ші мамырда қамауға алынған.