Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6370 15 пікір 9 Сәуір, 2020 сағат 15:44

Осы күні мұғалімді басынбаған жұрт қалмады

Осы күні мұғалімді басынбаған жұрт қалмады. Ерінбеген бір теуіп кетеді, әйтеуір. Әкімшіліктің, биліктің ақы-пұлсыз бұйрығын орындай беретін бұл қауымды қазір ата-аналардың басынғанын көрсеңіз – төбе шашың тік тұрады.

Жуырда қолы ашық, ептеген жиған-тергені бар жігіттер Алматыдағы бір мектепке барып, сол мектепте оқитын балалардың көмекке зәру әке-шешесіне ақшалай жәрдем жасады. Жәрдем жасаған азаматтарға рахмет айтқан ата-аналар да болды, алғанын тұлданып, бұлданып алғандар да болды. Соның бірі сынып жеткешісіне қолында бар «Каспий голд» карточкасын бермей, не өзі келіп алмай, «ақшаны үйіме әкеліп бер» деп кергіді. Бұл не кесел, бұл не кергу?

Содан мұғалім байқұс карантинге, көшеде жүріп-тұруға салынған тиымға қарамай демеушілердің ақшасын кеселді салып, керіліп үйінде жатқан бетбаққа апарып берді. Сондай бетпақтың тағы бірі мектеп тегін берген планшетті місе тұтпай «маған ұялы телефон әперіңдер, телефонға балансы бар чип салып беріңдер. Баланс таусылса, ақшасын төлеп тұрыңдар» деп мектеп ұжымына талап қойды. Мұғалімдер оның да талабын орындады. Мынау енді масқара ғой! Шектен шығып, шекеден қарау ғой! Басқа басқа мұғалімді алдымен ата-ана сыйлауы керек. Өйткені ол оның баласын оқытып жатыр. Білім беріп жатыр. Ертең баласы азамат болып атқа мінсе, ол алдымен мектепте тәлім берген мұғалімнің еңбегі. Осыны неге ойламасқа? Мұғалім бейшараның кінәсі біреудің баласын оқытқаны ма? Тіпті оқыту мұғалімінің кәсіби міндеті дегеннің өзінде оған ата-ана тарапынан құрмет, ізет болуы керек емес пе?

Біз қазір мектеп ұжымын биліктен, әкімдіктің әмірінен қорғау керек дегенді айтып жүрміз. Осы күндері әкімшілік тарапынан мектептерге қысым азайды. Бұрынғыдай мұғалімдерді орынсыз жерге жұмсап, жұмыс істетпейтін болды. Ендігі мәселе бейбас, бетпақ ата-аналарда болып тұр. Мұғалімдерді сондай ұркеппе, көкбет ата-аналардан қорғауда болып тұр.

«Жау жағадан алғанда бөрі етектен...» демекші, мынау карантин кезінде үйінде отырып алып құтырмасы ұстаған ата-ана көбеюде. Өздері шетінен арызқой, жазғыш пәлелер. Сорлатқанда құзырлы орындар жазықсыз мұғалімді емес, жалақор ата-ананы тыңдап, одан сайын есіртеді. Бұндай біржақтылықты тоқтату керек! Мектеп ұжымының жұмысына кедергі келтіріп, айқай шу шығаратын ата-ананы мектепке жолатпау керек. Мен осылай ойлаймын!

Дәурен Қуаттың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534