Аустралияда кісі қолынан қаза тапқан ҚР азаматшасының денесі елге жеткізіліп, көмілді (толықтыру)
Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Аустралияда кісі қолынан қаза тапқан ҚР азаматшасы Сағынай Батырханованың денесі елге жеткізіліп, көмілді, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.
«Денесі елге жеткізіліп, көмілді», - деді ол дүйсенбі күні.
«(С. Батырханованың денесі) Шығыс Қазақстан облысына қойылды. Баласына келсек (оның азаматтығы - ҚазТАГ), қазіргі уақытта оның мәртебесі анықталып жатыр, өйткені ол Қазақстанның да, Тайландтың да азаматы болмаған», - деп нақтылады СІМ ресми өкілі Алтай Әбиболлаев.
Бұрын хабарланғандай, С. Батырханованың жансыз денесі 1 қазанда Аустралияның Брисбен қаласында табылды. Қазақстанның 22 жасар азаматшасы Гриффитуниверситетінің бірінші курсында оқыған.
«Полицияны күдікті ұстады, ол кінәсін мойындады. 2011 жылдың 3 қазанында оның үстінен алғашқы сот тыңдауы өтті. Сот Тайланд тумасы болып шыққан күдіктіні 2011 жылдың 5 желтоқсанына дейін қамауда қалдыру туралы қаулы шығарды», - деп хабарлаған болатын ҚР СІМ өткен сейсенбі күні.
С. Батырханова мен сотталушының үш айлық ұлдары қазір Аустралияның әлеуметік қызметтерінің қамқорлығына берілді.