Қытай дәрігерлері үш қалада жұмыс жасайды
Айтпақшы, әлгінде Қытайдан бір топ дәрігер келген. Он адам. Олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге көмектеседі екен. Нұр-Сұлтан әуежайынан әлгі қытайлық дәрігерлерді Қытайдың Қазақстандағы елшісі мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров күтіп алған.
"Біз ҚХР-дан келген он дәрігерді күтіп алдық. Бұл миссия мемлекет басшыларының келісімімен жүзеге асып отыр. Қытайдың қауіпті індетпен күресудегі, соның ішінде науқастарды емдеу мен эпидемилогия мәселелеріндегі тәжірбиесін көріп отырмыз. Сондықтан бұл өте маңызды", - депті кіші министр.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанға пульмонология, реаниматология мамандары келген. Сонымен қатар, Қытайдан 5,5 тонна гуманитарлық көмек келген. Оның ішінде жекелеген қорғаныш заттары, дәрі-дәрмектер, бетперделер, бір рет қолдануға арналған қолғаптар, көзілдіріктер т.б. бар көрінеді. Алайда гуманитарлық көмек арасында медициналық жабдықтар жоқ.
Қытайлық дәрігерлерге 15 күндік жұмыс кестесі түзілген. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында жұмыс жасайды. 14 күндік карантинге жатқызылмайды.
Abai.kz