Ұлыбритания парламенті намаз оқитын бөлме ашса, Қазақстанда оларды жауып жатыр – мәдениеттанушы
Астана.17 қазан. ҚазТАГ - Британияның парламентінде осының қарсаңында мұсылмандар үшін намаз оқитын бөлме ашылған болатын. Ал қазақстандық мемлекеттік мекемелерде ондай бөлмелерге заңмен тыйым салынды, деп жаратылыс тану ғылымдары академиясының және БҰҰ жанындағы халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі, Құран мағанасын орыс тіліне аударған Валерия Порохова мәлім етті.
«Бұл өте қызықты факті. Маған жақында лорд Ахмет (Ұлыбритания парламентінің жоғарғы палатасының мүшесі, Лорд Назир Ахмед - ҚазТАГ) телефон шалып, парламент ғимаратында шағын болса да, ақыры намазхана ашылғанын хабарлады. Ал Қазақстанда ондай бөлмелер жабылып жатыр, - деді В. Порохова ҚазТАГ тілшісіне дүйсенбі күні «Рухани мәдениет - әлемді түрлендірер кілт» атты тақырыптағы баспасөз-мәслихатының кулуарында.
Ол парламент сынды мекемелерде «адамдар қырағылығын жоғалтпас үшін, рух мәдениеті қайтіп-те көрініс табуы тиіс, сондықтан да намазханалар ашылады» дейді.
«Ал адамдар бюрократиялық жұмыспен айналысатын мемлекеттік ғимараттарда намазханалар керек болмауы да мүмкін», - деді ол.

Еске салсақ, президент Нұрсұлтан Назарбаев «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңына және оған ілеспе түзетулерге 13 қазанда қол қойды. Заңның 7 бабының 3 тармағы мемлекеттік орган ғимараттарында және территориясында құдайға құлшылық, діни рәсімдер, ырым-жоралғылар, жиналыстар өткізуге тыйым салады. Аталған тармақша мемлекеттік мекемелерде намазхана жұмыстарына да тыйым салады, бірақ жұмыс орнынан тыс жерде рәсімдер мен діни ырым-жоралғыларды өткізуге тыйым салмайды.