Көмек карантинде медициналық мекемелерде жатқан азаматтарға арналған деп хабарлайды ТАСС Тәжікстандағы АҚШ елшілігіне сілтеме жасап.
"USAID-тың "Бейбітшілік үшін азық-түлік" бағдарламасы аясында Тәжікстанға 171 мың АҚШ долларына 56 280 келі азық-түлік жеткізілді", - делінген елшілік таратқан хабарламада.
Тәжікстан билігі елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар анықталмады деп отыр. Елдің денсаулық сақтау министрі 1 ақпаннан бері шетелден келген 7040 адам карантинге жатқызылып, тексеруден өтті деп мәлімдеді. Олардың 4300-і үйіне жіберілген. Қалғаны ауруханаларда карантинде әлі жатыр.
Осыған дейін АҚШ үкіметі Тәжікстанға 866 мың доллар бөлген. Бұдан бөлек Германия 1 млн еуро, Азия даму банкі 100 мың доллар берсе, Ресей 20 мың сынама жүйесін, ЮНИСЕФ қорғаныс құралдарын жіберген.
Abai.kz