Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1734 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 03:59

Ақтауда қызметтесін пышақтаған әскери қызметкер тұтқындалды

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Ақтауда қызметтесін пышақтаған әскери қызметкер ұсталып, абақтыға қамауға алынды, деп ҚР ҚК әскери полициясының бас басқармасының аға тергеушісі Вячеслав Краснов мәлім етті.

«Бүгін ол уақытша абақтыға отырғызылды. Ертең ол офицерді қамауға алу туралы мәселе шешіледі», - деді В. Краснов ҚазТАГ тілшісіне дүйсенбі күні.

Юстиция майорының айтуынша, қайғылы оқиға 16-шы қазанда 30/153 әскери бөлімшенің аға лейтенантының пәтерінде, ішімдік ішу кезінде орын алған.

«6 сағат 45 минутта Ақтау гарнизонының әскери полиця бөлімшесіне 30/153-ші әскери бөлімшенің аға лейтенанты Циглер қызметтесі - Мұсахановқа пышақ салды деген хабар келіп түсті», - деді В. Краснов.

«Лейтенант Мұсаханов пышақтан алған жарақаттан көз жұмды», - деді ол.

Әскери полиция өкілінің айтуынша, ұсталған лейтенант биыл екі рет бұйрықты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Оған жаза ретінде жиынтық түрде 14 күн Ақтөбе әскери гарнизонындағы гаупвахтаға қамауға алу тағайындалған. 14-ші қазанда оның гаупвахтадағы мерзімі аяқталған болатын. Басшылық Циглерді әскери қызметтен шығарып жібермекші жоспарда болған», - деп түсіндірді В. Краснов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504