Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10799 20 пікір 11 Сәуір, 2020 сағат 14:01

«Қазақстан - жері бай, халқы кедей тұратын мемлекет»

Былтыр осы уақытта Франкфуртте болдым. Метро станциясында көрген бір жай өмірі есімнен кетпейді. Əр станцияға əр елдің экономикасындағы табысты сала жайлы эскспонаттар көрмесін жасапты да, сол елдің өмір сүру деңгейі турасында қысқа ақпарат жазып қойған. Сонда Қазақстан жайлы экспонат пен ақпарат қандай болды дейсіз ғой. Бір-екі жерде тұрған мұнай мұнарасы мен жанармай конистерлерінен басқа түк жоқ. Жəне мынандай жазу бар: "Қазақстан деген жері бай, халқы кедей тұратын мемлекет ".

Мың жерден көз бояймын десең де, жеріміздің бай, еліміздің кедейшілікте өмір сүріп жатқанын айдай əлем біліп отыр. Өткенде Президенттің өзі басты проблемамыз кедейшілік дегенді ашық айтты. Ендеше неменеге көзбояушылық пен арзан технологияға арқа сүйеп, өзіңді-өзің қашанғы масқаралай бермексің?

Қытайвирусты жұқтырып алған медицина қызметкері қорғаныс құралдары жеткіліксіз деп айтқаны үшін қыспаққа ұшырауда.

Интернет жоқ, кедейшілікте өмір сүріп жатырмыз деп айтқаны үшін ауыл мұғалімінің сағын сындырып, кешірім сұратты.

Біздің елде шындыққа мойынсұнып, тығырықтан шығудың жолын іздейтін күн туа ма жоқ па?

Жағдайды оңалтудың жолы шындықты жасыру емес. Бұл дамбалыңның жыртығын алақаныңмен жапқанмен бірдей.

Гүлмәрия Барманбекованың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502