Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2719 0 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 15:28

Ақмола мектептеріне Абай мен әл-Фараби есімдері беріледі

Биыл ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Сонымен қатар, дәнішпан, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық ұлы тойы. Халқымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтау бүгінгі біз үшін де, ертеңгі ұрпақ үшін де ауадай қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен екі алыптың мерейтойы мемлекеттік деңгейде атап өтілмек.

Бәріміз білетіндей, 21 қаңтар күні Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылу рәсімі өтті. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрында өткен «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік концертке ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев келіп қатысты. Ел ағалары Қазақстанның барлық өңірінде және шетелдерде өтетін мерекелік іс-шараларды шымылдығын осылайша ресми түрде ашып берген болатын.

Ұлыларды ұлықтаудың жолы көп. Олардың шығармалары көптеп жарық көріп, келешек ұрпақтың жаназығына айналуда. Тұлғалардың өмірінен, тарихтан сыр шертетін туындылар жазылып, деректі фильмдер түсірілуде. Анықырақ айтқанда, Абай тойы аясында елімізде 500-ге жуық іс-шара өтпек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің  вице-министр Нұрғиса Дәуешов мәлімдеген болатын.

«Биылғы жыл қазақ үшін ерекше, айтулы жыл. Ағымдағы жыл елдігіміз бен руханиятымыз үшін аза маңызды. Мелекеттік қана емес, халықаралық дейігейде атқарылатын зор міндет жүктеліп отыр. Абай есімі, Абай мұрасы, Абайдың өнегесі мен өмір жолы әр қазақ үшін қасиетті, қадірлі. "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" деп қазақтың қамын қара басының қамынан жоғары қойған ұлы ақын шексіз құрметке ие. Биыл осы мерейтой аясында 500 ге жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Олардың ішінде ірі халықаралық және республикалық қоғамдық маңызы бар, ғылыми, ағартушылық іс-шаралар, конференциялар, симпозиумдар, пленэрлер, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттар, поэтикалық және әдеби конкурстар, баспасөз турлары және өзге де іс-шаралар бар», - деді ол.

Ұлыларды ұлықтаудың сан түрлі тамаша тәсілі бар дедік жоғарыда. Мерейтой аясында өтетін мерекелі шаралар тізімін бердік. Бұлардан бөлек әр аймақ, облыста мектерптерге, көшелерге алыптарымыздың аты беріліп, ұлықталуда.

Сондай бір сүйінші хабарды Көкшетау облсының әкімі Ермек Маржықбаев мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, Көкшетау облысындағы мектептерге Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің есімдері беріледі. Мұндай шешім Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясында қабылданған көрінеді.

Өткенде Ақмола облыстық мәслихатының кезекті жұмыс сессиясы өткен болатын. Аталған жиналысқа облыс әкімі Ермек Маржықбаев селекторлық режимде қатысқан. Жиналыста Көкшетаудағы №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімін, ал ІТ мектеп-лицейіне атақты ғалым Әбу Насыр әл-Фараби атын беру туралы ұсыныс енгізілген.

Аймақ басшысы Ермек Маржықбаевтың айтуынша, аталған мәслихат сессиясында жеті бірдей шешім қаралып, қабылданған екен. Бұл шешімдердің арасында биыл мерейтойлары республикалық және халықаралық деңгейде аталып өтілетін ақын Абай Құнанбайұлы мен ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің есімдерін Көкшетаудағы мектептерге беру туралы да ұсыныс болған.

Сондай-ақ, аталған жиында қаларған басты мәселелер ретінде өңірде туризмді дамытудың ахуалы мен болашағы, облыстық мәслихаттың өткен жылғы жұмыс есебі, облыс бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту қатарлы шаруаларды атауға болады.

Жоғарыда айтқанымыздай, биыл бас ақын - Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен дәнішпан ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы халықаралық масщтабта аталып өткелі отыр. Ұлылардың мерейтойын жоғары деңгейде атап өту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылығымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Жоғарыда біз айтқан ірі іс-шаралардың тізімін осы мемлекеттік комиссия бекіткен еді.

Шығыстың Ұлы ойшылы, ғаламның екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО-ның ұмытылмас күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілді. Ал дәнішпан, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында республика көлемінде 500-ден аса іс-шара жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, биыл тамыз айында Семейде «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр. Аталған ғылыми-тәжірибелік конференцияға танымал отандық және шетелдік ғалымдар, абайтанушылар, зиялы қауым өкілдері қатысатын болады.

Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорын толықтырып, кеңейту жұмысы қолға алынады. Сондай-ақ, ұлы ақынның есімімен байланысты көне тaрихи-мәдeни мұрa нысaндaрын ғылыми-рeставрaциялaу жұмыстaрын жүргізу жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021