Сенбі, 23 Қараша 2024
2474 0 пікір 3 Наурыз, 2020 сағат 11:00

БҚО имамдары экстремизм қаупі туралы халықаралық конференцияға қатысты

Жуырда Ресейдің Орынбор қаласында Орынбор облыстық Үкіметінің қолдауымен Діни экстремизмнің трансшекаралық қатері: Ресейден көзқарас деген тақырыппен халықаралық сарапшылар алаңы ұйымдастырылды.

Аталған басқосуға “Еуразия халықтарының достастығы” қоғамдық ұйымы, Орынбор мемлекеттік университеті Оңтүстіктік Орал тарих және этнография ғылыми зерттеу институты және аймақтық мұсылмандар діни басқармасы ұйытқы болған.

Халықаралық басқосуға ҚР Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Қыстаубаев, Ресей федерациясы Орынбор облысының мүфтиі Альфит Шәріпов, Ақтөбе облыстық мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов сияқты бірқатар дін қызметкерлері мен ТМД  Терроризмге қарсы күрес орталығының сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Одан бөлек Қазақстанның бірнеше қаласынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Ақтөбе қалаларынан, Ресейдің Мәскеу, Қазан, Орынбор, Уфа, Владикавказ, Саранск қалаларынан келген экстремизмге қарсы күрес бойынша жетекші сарапшылар, жалпы саны 170-тен астам мамандар қатысқан.

Жиын барысында Орынбор облысы халықтары ассамблеясының президенті, Оңтүстік Орал тарих және этнография ғылыми зерттеу институтының директорв, профессор Веналий Амелин құқық қорғау органдарының жедел ақпарат алмасуы, сотталған террористермен сұхбаттасу, интернет-ресурстарды сараптау негізінде зерттеушілер экстремизмнің таралуындағы өзекті мәселелерді анықтағанын, сондай-ақ олар осы жаңа қатерлерге қарсы күресудің негізгі тиімді әдістерін ұсынғанын тілге тиек етті.

Мысалы мамандар, соңғы кезде экстремистік насихат шынайы өмірден гөрі, ілеуметтік желілер мен месенжерлер арқылы анинимді виртуалды кеңістікке ауысып жатқанын алға тартады.

Сондай-ақ, экстремистік насихатшылар діни  бағыттағы топтар құрудан гөрі террористің әділдік үшін күрескер ретіндегі бүркеншік бейнесін жасауға көшкен. Олар әлеуметтік желілер арқылы өз-өзін құрбан қылу, суицидке бару идеяларын таратады, бұл өз кезегінде қоғамды, айналасын, билікті жек көру тұрғысынан олардың бастарын бір жерге қосатын бірден бір алаң.

Одан бөлек, экстремистік топтар жалған интернет дүкендер арқылы ақша жымқыру, онлайн-казино ұйымдастыру, банктік шоттарға қол жеткіу үшін логин порольдерді алуға мүмкіндік беретін шабуылдар жолымен ақша табу мақсатында қашықтық технологиялаға жүгінеді.

Айта кетейік, Тая Шығыста ИШИМ экстремистік ұйымы талқандалғаннан кеін Қазақстан мен Ресей үшін сол жақта соғысқан экстремистердің өз елдеріне оралып, жасырын топтардың қайта бас көтеру қаупі артып отыр. Бұл тұрғыда олардың қайтадан террористік ұйымдарға бару жолдарын жабу қажеттігі күн тәртібінде тұрғаны анық. Ал, бұл мәселеде Қазақстанның  түрлі діни ағымдардың жетегіде кеткендерді елге қайтарып, әлеуметтік жағынан оңалту мақсатында қолға алынған “Жусан” операциясының маңызы айрықша.

Алайда мамандары мұнда да дерадикализациялау жұмыстарының нақты жүйеленбегенін, жеке, авторлық зерттеулерге, ғылыми негізге алынбағанын алға тартады.

Бұл тұрғыда Ресейдің Педагогика, психология және әлеуметтік мәселелер институтының мамандары арнайы зерттеу жүргізіп,түрмелердегі экстремистердің 3 психологиялық типін айқындаған. Сөйтіп, оарды идеологиялық тұрғыда кері қайтару, әлеуметтендірудің 3 түрлі жобасын жасап шықты.

Құқық қорғау органдары мен ғалымдардың, және діни қызметкерлердің осындай зерттеу жұмыстары, олардың ортақ тәжірибесі арқылы ғана жаһандану кезеңіндегі экстремизмнің ортақ қатеріне қарсы кешенді күрес жүргізуге болады.

Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Мұратбек қжы Қыстаубаев арнайы баяндама жасап, Орынбор облыстық орталыұ мешітінің жамағатына, медресе шәкірттеріне уағыз айтып, жиналған жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Ал, Ақтөбе облысындағы “Нұр Ғасыр” мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов орынборлық имамдарға Ақтөбе өңіріндегі имамдардың терроризм мен экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жайлы айтып, бірнеше жылдық тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Қазақстанның радикалды ағыммен жұмыстары жөіннде сарапшылар алаңында біраз мәлімет айтылды.

Жиын соңында Қазақстаннан барған делегация орынборлық қазақ имамдарымен басқосу өткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375