Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2507 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 09:06

Гүлбаршын САБАЕВА. Жалған жанармай көбейді

Мұнай-газ министрі Сауат Мыңбаев кеше журналистермен жүздесуде Алматыдағы май құю бекеттерінде «АИ-80» маркілі жанармайы «АИ- 96» деп сатылып жатқанын және мұндай жағдай өзге өңірлерде де байқалып отырғанын хабарлады. - Біз мұндай жағдайға көз жұмып қарай алмаймыз. Жалған жанармай сатушылардың бәрі заңға сәйкес жазаланады, - дейді министр.

Мұнай-газ министрі Сауат Мыңбаев кеше журналистермен жүздесуде Алматыдағы май құю бекеттерінде «АИ-80» маркілі жанармайы «АИ- 96» деп сатылып жатқанын және мұндай жағдай өзге өңірлерде де байқалып отырғанын хабарлады. - Біз мұндай жағдайға көз жұмып қарай алмаймыз. Жалған жанармай сатушылардың бәрі заңға сәйкес жазаланады, - дейді министр.

Жақында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі еліміздегі жанармай бекеттерінің 60 пайызы сапасыз бензин сататыны жөнінде мәлімдеме жасаған болатын. Соңғы жарты жылда 175 жанармай бекетіне тексеру жүргізіліп, олардың 67 пайызынан түрлі заңбұзушылықтар анықталған. Қалта қамын күйттеген бекет қожайындары көбінесе тұтынушыларға октандық көрсеткіші төмен бензин сатумен айналысқан. Әзірге аталған министрліктің қырына Алматыдағы «Роял Петрол», «Сервис Петрол», «Нұрмат», «Сидоренко», «Эльдорадо - 2005» бекеттері ілігіп отыр. Осылайша, бүгінгі күні сапасы стандартқа сай келмейтін жалпы құны 400 миллион теңге болатын жанармайды сатуға тыйым салынған. Тексерілген жанармай бекеттерінің басым бөлігінде жанармайдың құрамы, сапасы октандық саны көрсетілген санмен мүлдем сәйкес келмеген. Мәселен, «АИ-93» деп сатылған жанармайдың сапасы «АИ-80»-ге пара-пар болған. Ал «АИ-96»-ның орнына «АИ-93» сатылса, «АИ-80» деген көрсеткішпен зауытта мүлдем өндірілмейтін октан саны 76,75-ке тән бензин сатылған.
Айта кетер жайт, сапасы стандартқа сай келмейтін жанармай құрамында күкірт және қорғасын мөлшері қалыпты жағдайдан өте көп болады екен. Ал бұл көлікке де, экологияға да аса зиян. Сапасы нашар жанармай автокөліктің қозғалтқыш құрылғысына аса қауіпті болса, сапасыз жанармай құйылған көліктен шыққан көк түтін қоршаған ортаны аяусыз ластауда. «ORGANІC» мұнай өнімдеріне тәуелсіз сараптама орталығы» ЖШС директоры Ақмарал Қалмұратова Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен жасалған келісімшарт негізінде Алматы қаласындағы сатылып жатқан жанар-жағармай сапасын ай сайын қадағалаудан өткізетінін айтады.
- Егер де зауыттан шыққан бензиндердің октан саны ең төмені 80 болса, осы маркамен сатылып жатқан тікелей айдалған бензин құрамының октан саны 55,5-ке тең. Заң бұзған жанармай бекеттерінің зерттеу нәтижелерін қалалық мемлекеттік бақылау басқармасына тапсырдық. Одан ары жанармай бекеттеріне қандай шара қолдану керектігін аталған мекеме анықтайды. Біз ай сайын 55 көлік бензиннің сынақ үлгісін және 11 дизель отынының сынақ үлгісін сатып алып зерттейміз. Сапасы «Еуро - 3» стандартына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруге өту - ол зауыттардың құрымдалуына байланысты. Ал қалалық жанармай бекеттерінде сапалы бензиннің сатылуы - зауыттан шығып жанармай бекетіне жеткенше тасымалдау, сақтау және сату сатыларында сапасын сақтап жүруіне байланысты. Кезінде мемлекетімізде мұнай өнімдерінің сапасын бақылау жүйесі жүргізілген. Қазір ондай жұмыс жоқ. Сондықтан қазіргі қолданылып жатқан шаралар сатылып жатқан мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту үшін аз деп ойлаймын. Еліміздегі жанармай сапасын бақылау жүйесі дұрыс емес, осы уақытқа дейін бұл мәселе әлі дұрыс жолға қойылған жоқ. Сондықтан кезінде енгізілген мұнай өнімдерінің сапасын бақылау жүйесі қайтадан енгізілмесе жанармай бекеттеріндегі мұнай өнімдерінің сапасын жоғарылата алмаймыз, - дейді ол.
Алматыдағы май құю бекеттерінде бензин тек талонмен беріліп жатқаны белгілі. Ал қарапайым жүргізушілердің мінгені - Еуропадан жеткен ескі, КСРО-дан қалған көне жеңіл көліктер болса да бағасы қымбат «АИ-96» маркалы бензинді тұтынуға мәжбүр. Себебі қаладағы бензин дағдарысы әсерінен «АИ-96»-ға деген сұраныс артқан. Көңілді бір жұбататыны, Мұнай және газ министрлігі қазан-қараша айында республика аумағында бензин бағасы қымбаттамайтындығына сендіріп отыр.

Гүлбаршын САБАЕВА

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10430&Itemid=2

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483