Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3629 13 пікір 13 Сәуір, 2020 сағат 14:05

Қытай сайттары Қазақстанға сес көрсете бастады

ҚХР ресми сайттары Қазақстанға сес көрсетуді бастап кетті. Олар Қытайдың қол астына кіруді "қайта оралу" деп атап, олар емес, біз өзіміз соларға мұқтаж болып отырғандай еш шімірікпестен айтып жатыр. Расымен де, Қытайды астыртын жақтаушылар ел ішінде бар ма? Қазір, қытайдың құрығы ұзарды. Оның қанды шеңгелі мен темір құрсауы кез-келген жерден кімді болса да, құрықтай алатын жағдайға жетіп отыр дейтіндер де бар.

Ақшамен ауыздарын ұрып, өздеріне қызмет еткізіп қоятын жалдамалы құлдары көршілес елдерде мейлінше көбейген болса, бұл өте қауіпті. Қытайдың зұлымдығын әшкерелеп, коммунистердің азапты лагерлеріне қарсы күрескен жандарды тұқыртудың алуан түрлі айла-амалдар мен зұлымдықтарды ойлап табудан қытайлар еш тайынбас. Қытайдың отарлау саясатына қарсы болған азаматтардың еш кінәсі болмағанымен қандай бір жолмен өз елінде жүріп те, қытайлық күштердің ықпалымен түрлі қысымға ұшырамасына, жазықсыз зардап шекпесіне кепілдік бар ма?!

Керісінше, егер көптеген көршілес елдерде өз ұлтының мүддесін сатып, қытай отаршыларына жағымды пікір айтып, компартияның суайт елшілерінің сөзін сөйлеп, компартияның астыртын әрекеттерін жақтаған “жұмсақ күштер” итше тойынып, шошқаша семіріп жатса, оған да таң қалуға болмайды. Сақ болайық, еліміздің дербестігін қорғайық!

Қуандық Шамахайұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525