Сенбі, 23 Қараша 2024
2412 2 пікір 14 Сәуір, 2020 сағат 11:07

Түркиядан оралған студенттер екі апта емес, бір ай карантинде отырады

Түркиядан оқудан оралған қазақстандық студенттер бір ай бойы карантинде отырады.

Түркиядан оралған студенттерді карантинге Атырау қаласына орналастырған.

Әуелі студенттерді жергілікті жатақханаларда ұстаған, одан соң жаңадан тұрғызылған үйлердегі бос пәтерлерге ауыстырған. Ата-аналар балалардың жағдайын ойлап, алаңдап отыр.

"Бос, суық пәтерлер. Балаларды сол жерде бір тәулік ұстады. Сыртынан жауып кетті. Олар қатты жаурады, суықтан түнде ұйықтай алмады", - деді шымкенттік студенттің анасы Назым Азимова.

Студенттердің бірқатары карантиндегі жағдайды видеоға түсірген.

Түркиядан эвакуацияланған 25 студентпен бірге туристер де ұшып келген. Жолаушылардың бірінің температурасы жоғары екені анықталған. Бірақ студенттер мен туристер бір жатақханада тұрған.

Елге оралған кезде алынған анализдерде коронавирус анықталмаған. Бірақ екі аптадан соң үш адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

"Екі аптадан кейін алынған анализ үш адамның ауру жұқтырғанын анықтады. Сол себепті біз олардың карантиндегі мерзімін тағы 14 күнге создық", - деді Атырау облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайұлы.

Қала билігі карантиндегі студенттерді суық пәтерлерден жергілікті шипажайға көшіргенін хабарлады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532