Шыңжаңда білім алатын қазақ жастарының саны артып келеді
Қытайдың «Синьхуа» агенттігі таратып отырған ақпараттарға сенетін болсақ, бүгінгі күні көршілес Шыңжаң автономиялы аймағының 34 жоғары оқу орындарында 3300-ден астам қазақ, қырғыз, өзбек және тәжік студенттері білім алады екен.
Шыңжаңда оқып жүрген бір қазақ студенті әпкесінің Қытайдағы университетті тәмамдап, елге оралғаннан кейін Алматыдағы ірі қытайлық компанияға жұмысқа тұрғанын алға тартады. Ол да мектепті бітіргеннен кейін еш демалыссыз, күні-түні қытай тілін үйреніп, жақында Шыңжаңның бір университетіне оқуға түскен екен. Оның пікірінше, Қазақстан үшін ағылшын тілі де, қытай тілі де өте маңызды. Күнделікті өмірде Қытайда жасалған көптеген тауарлар, электронды құралдар көптеп кездесетін болды. Оның үстіне бүгінгі күні Қазақстанда көптеген Қытай компаниялары өз жұмысын жандандырып, елге көптеген инвестиция құюда. Бұл, өз кезегінде, қытай тілін білетін жергілікті мамандарға деген сұраныс тудырып отыр, дейді атын атамаған қазақ студенті.

«Синьхуа» агенттігінің журналистері әлгі студенттің пікірімен көптеген шетелдік оқушылардың келісетінін айта келіп, Шыңжаңнынң Педагогикалық университетінде оқып жүрген Виктория есімді қыз бен Медициналық университетте білім алып жүрген пәкстандық Бурхан Ахметің тіршілігі жайында да хабардар етеді. Виктория мен Ахметтің Қытайға барып білім алуына негізгі себеп болған фактор - Шыңжаңдағы жоқары оқу орындарындағы оқу үшін жасалатын төлемдердің тиімділігі. Бұл төлемдер АҚШ пен Еуропа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен екен. Мысалы, олар оқулары үшін жыл сайын 26 мың юань төлесе, күнделікті өмірі мен тамағына небары 15 мың юань қаражатты шығындайды екен.
Шыңжаң автономиялы округінің Білім басқармасының сыртқы істер бөлімінің басшысы Ван Лили ханым қазіргі таңда бұл аймақтың өзінде 4000 шетелдік студент, оның ішінде ортаазиялық 3300 азамат білім алып жүргенін мақтанышпен айтып отыр. Лили ханымның айтуынша, Шыңжаңның оқу орындары шетелдіктерді 1985 жылдан бері қабылдап келеді екен. Сол кезден бері автономиялы аймақтағы шетел студенттерінің саны күн санап артып отыр. 2004-ші жылдан бастап олардың саны жыл сайын 200 адамға өсуде. Негізінен шетелдік студенттер қытай тілі, медицина, экономика мамандықтарын таңдайды екен.
Қытай басшылары шетелдік студенттерді қытай тілі мен мәдениетін жетік меңгеруі, түсінуі үшін көптеген шаралардың өткізіліп отырғаны туралы мәлімдейді. Мысалы, Шыңжаң университетінің Мәдени ынтымақтастық институтының басшысы Цзяо Цзянь осы университеттің жыл сайын шетел студенттерін музейлерге, қорықтарға, Азия географиялық орталығына, Хушань саябағына жиі шығарып тұратынын айтады.
«Абай информ»