Жұма, 22 Қараша 2024
Анық 5775 8 пікір 17 Сәуір, 2020 сағат 12:29

Дипломы бар, жұмысы жоқ жастар неге көп?

Жастарға барша қамқорлықты жасап жатырмыз деп қанша жерден дүбірлеткенімізбен олардың өмірлік проблемаларын тасада ұстап қалу болшағымызға шабылған балта. Сол болашаққа шабылған балтаның бірі – қажетсіз мамандарды дайындау үрдісі. 

Бір қараған жанға елімізде жоғарғы білім алуға қол жетімділік артып, дипломды маман дайындау жағынан Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекетке айналып үлгерді. Бірақ сол дипломды мамандардың арасында кең жайылған жұмыссыздық деңгейі ешкімді онша ойлантпайды. Әйтеуір балам университет бітірсе болды деген қазақи пікір өз үстемдігін әзірше жүргізіп тұр. Мемлекеттігі бар, жеке меншігі бар ЖОО ешкімге керексіз мамандар дайындауды конвейерге қойып, бітірген мамандығы ешкімге керексіз болып қалған жаңа жұмыссыздардың санын арттыруға өз үлестерін қосу үстінде. Білім және ғылым министрлігі тарапынан мамандар қай салаға қажет екендігіне мониторинг жүргізілмейді де. Қазір қалтасына дипломды басып алып, сантехник болып құбыр жөндеп немесе курерь болып пицца тасып жүргендер жетіп артылады. 

Қоғамға қажет маманды дайындауға қатысты Үкімет тарапынан да нақты қадам жасалмай жатыр. Осы саланың басы-қасында жүргендердің билікке айтар назы жетіп артылады. Біріншісі ЖОО мен оларда оқитын студент санын азайту. Және ҰБТ сұрақтарын қиындатып, өтпелі баллды жоғарлату. Ақылы негізде түсіп оқитындар үшін оқу бағасын шарықтатып көтеру.   

Бұдан бөлек елімізде жұмыс жасап жатқан ірі және орта компанияларда автоматтандыру, цифрландыру және роботтандыру қолға алынып, онда жұмыс істейтіндер саны қысқара бастады. Ал, олар өліп бара жатса да жаңа бітірген жас маманды керек етпейді. Жұмысқа алынушыға қойылар талап өте қатал.

Шағын бизнес болса көп жағдайда жоғарғы білімді керек етпейді. Егер қажет етіле қалған жағдайда керекті маман белгілі бір кәсіби біліктілікке иелік етуге тиіс. 

Қазақ елінің халық санының өсуі жыл сайын 250-350 мың адамды құраса, әр ағымдағы жылда 100 мың жаңа жұмыс орны (оның 50 немесе 30 мыңы зейнеткерлікке шығушылар тарапынан) ашылады. Сонда жоғарғы оқу орындарын бітірген 100 мыңнан аса дипломды маман мен мектептен кейін жұмыс істегісі келген 70 мың жастың сол ашылған жұмыс орындарды істеуге мүмкіндігі бар ма? Осылайша туындап отырған жасырын жұмыссыздық факторы үлкен әлеуметтік проблеманы өмірге әкеліп отыр.

Бұдан құтылудың тағы бір жолын мамандар оқуды жаңа бітірген білікті түлектердің өздеріне-өзі жұмыс орнын ашуға мүмкіндік алуы деп уәждайды. Бірақ бұған біздің ЖОО дайын болмай шықты. Барлық бәле ЖОО арасында бәскелестіктің оқудың ақысының жоғарғылығы мен төмендігінен туындап, базарлы экономикаға керек маманды ғана дайындау тасада қалуынан екен. 

Ең басты проблема осындай ешкімге керексіз мамандықты таңдау мен оны ақша шашып бітіріп шығу мектеп түлегі мен ата-ананың шолақ ойлауынан да орын алып келеді. Егер сол баласының болашағы үшін еш керексіз оқуға шашқан ақшаны оған өзінің жеке бизнесін ашып беруге жұмсаса, одан ата-ананың көп нәрсе ұтарын жұрт түсінетін уақыт жетті. 

Ешбір оқу орнын бітірмей әлемге танымал болған жандар жетіп артылады. Грек миллиардері Аристотель Сократ Онассис төрт сыныптық біліммен әлемдік сауда мен бизнесте өз даңқын әйгілей алды. Осыны алаш баласы кәперіне алса, ешкімге керексіз маманы бар отбасылардың саны азая түсер еді. Енді ЖОО өздерінен бітірген шәкірттің құр 4 жыл бос оқып шықпай, өз ісін ашатын, өзгенің алдында іскер екенін таныта білетін маман дайындауға кірісу үшін ғылыми-педагогикалық жаңғыруды жолға қоюы керек.

Ата-ана баласының қалтасындағы дипломға емес, оның қолынан не келетіне сенуі керек-ақ. Қала мен ауыл мектебін салыстырып алғашқысына басымдық беру опа әпермейтін салыстыру. Оқитын бала шетел аспай өз елінде-ақ телегей теңіз білімге қол жеткізе алады. Бар бәле мектепке сеніп, баланың әке-шеше қадағалуымен өз бетімен жеке дара білім алуына, қолының ебі келетін кәсібін меңгеруге жете мән бермейтін өзіміздің шолақ танымымызда жатыр. Осындай-да «Нашар ұстаздан да тамаша білім алып шығуға болады» деген жөйіт мақалы ойға оралады.

Мектеп бітіре салып, РФ мен АҚШ білім алуға асығатын орыс тілді шәкірттерді емес, елімізге керек Қазақ тілді жастарды бұрынғыдай бірыңғай мектепке қана сенбей жеке өзіміз отбасынан тәрбиелеуіміз керектігін ұғынатын кез жетті. Ғылым-білім дамыған заманда арнайы оқу орында оқымай-ақ, өз бетімен білімін жетілдірудің, кәсіп түрлерін ашудың түрлі жолдары да бар. Жарық дүниеге келген соң, әр пенденің өз су ішерлігі болады. Біз өз перзентімізге сол су ішіерлікті тарту ете білеміз бе, әлде оған жолатпай өмірін қор етеміз бе? Мәселенің мәнісі осында жатыр.

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5298