Сенбі, 23 Қараша 2024
2933 1 пікір 17 Сәуір, 2020 сағат 13:54

Алматы облысында қоғамдық көліктер тоқтады

Коронавирустың таралуына байланысты Алматы облысы аумағындағы қалаларда қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды,- деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты

"Құрметті облыс тұрғындары! Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі «Карантин шараларын күшейту туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы облысы аумағындағы екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері онлайн жұмыс режиміне көшіріледі. Сол сияқты облыс қалаларында қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтайды. Түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз. Шаралардың барлығы коронавирустың таралуына жол бермеу және халықтың денсаулығын сақтау үшін қабылданып отыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін облыста карантин режимі енгізілген болатын. Карантин туралы қаулы 2020 жылғы 14 сәуірден 15-іне қараған түнде сағат 00.00-де күшіне енді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529