Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5173 18 пікір 17 Сәуір, 2020 сағат 14:05

Жәрдемақыға өтініш жазу - қылмыс емес

"42 мыңды заңсыз алғандар сотталады" демес бұрын, сол жәрдемақыны кімдер алуға құқылы екенін заңнан бейхабар 90% халыққа дұрыстап жеткізу керек еді.

А-ның ақпараты Б-ға жетпесе, оған Б кінәлі емес, ақпаратын дұрыс жеткізе алмаған А кінәлі.

А (бұл орайда билік) халыққа о бастан әртүрлі ақпарат таратты. Біресе "бәріне беріледі" деді, біресе тағы бірдеңе деді.... "Мыналарға беріледі" деп "санаттарын" да бірнеше қайтара өзгертті емес пе?

Дәл осы "заңсыз алғандар сотталады" деген ақпаратты неге сол кезде бірден айтпады???

Әрине, тәулігіне 25 сағат смартфонға байланып, іші пысып отырған көпшілік "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп, бәрі "42 мыңға өтініш тастай салайық" деп, тіпті, бір емес, бірнеше рет өтініш тастады.

Олардың ішінде әртүрлі санаттағылар бар. Біреулер шын мұқтаж, бірақ 42 мың алуға "заңды құқығы жоқ", енді біреулер - табысы миллион болса да, жәрдемақы алуға барлық жағынан заңға лайық кеп тұр, үшінші біреулер аса мұқтаждар қатарына жатпауы мүмкін, 200-500 мыңдап айлық та алмайды, алайда квартплатасын, салығын уақытында төлеп, барға қанағат етіп, айлықтан айлыққа жетіп жүрген қызметкерлер және мен сияқты жеке кәсіпкерлер....

Жай.... "ар-ұяттарыңа сенеміз" деп (қайдағы ар-ұятты айтқанын...) халықты өздері адастырып, жаппай өтініш тастатып, енді "сотталасыңдар" деп отырғаны сіздердің кәлләға сыйса да, менің кәлләма сыймайды....

Жәрдемақыға өтініш жазу - қылмыс емес. Сол өтініштерді тексермей, заңды-заңсыз жәрдемақыны тағайындау - мамандардың кінәсі, білімсіздігі, біліксіздігі. Олардың өз жұмысын дұрыс істемегені үшін тағы да халық кінәлі ме???

База бар. Тексеру мүмкіндіктерің бар. Кім шын мұқтаж? Кімдердің жұмысы тоқтады? Кімдер жұмысты онлайн жалғастырып, бұрынғыдай ретпен айлықтарын алып отыр? Кімдер жұмысынан айырылды? Кімдер АСП, соцпакет, 42 мыңды да, 50 мыңды да алып отыр? Неге біреулер жәрдемақының бірнеше түрін бір-ақ алады да, ал неге кейбір аса мұқтаждар мұның біріне де іліне алмай отыр???

Ортақ база жұмысын дұрыс ұйымдастыру керек.

"Заңсыз алғандар айыппұл төлейді немесе түрмеге қамалады" деп халықтың ашу-ызасын тудырмай, кімдерге заңсыз тағайындадыңдар, соларға сол берген 42 мыңды қайтартыңдар, сол да жетеді.

Сәуле Әбілдаханқызының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525