Президент ұсынған 30 кітап
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде бастау алған «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын қолдайтынын білдіріп, карантин кезінде оқуға 30 кітаптың тізімін ұсынды. Президент бұл туралы instagram парақшасында жариялаған.
«Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында.
Сондықтан, осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін.
Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн»,- деп жазды Тоқаев.
Сонымен қатар, Президент ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәлеулеттің эстафетасын қабылдай отырып, бірнеше шығармаларды оқуды ұсынды.
Президент қазір оқып жатқан шығармалар мен басылымдар:
⠀
1. Жүсіп Баласағұн. Құтты билік,
2. Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom,
3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance,
4. Тұрсын Жұртбай. Құнанбай,
5. Ерлан Сыдыков. Кунанбай,
6. Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир,
7. Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future,
8. Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее,
9. Parag Khanna. The Future is Asian,
10. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Turkistan» және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.
⠀
«Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отандастарыма, әсіресе, жастарға жолдаймын және төмендегі әдебиеттерді оқуға кеңес беремін», - деді Мемлекет басшысы.
Президент ұсынған 30 кітап:
1. Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері,
2. Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық тарактаттары,
3. Мұхтар Әуезов "Абай жолы",
4. Әбіш Кекілбаев. "Үркер" және т.б шығармалары,
5. Ілияс Есенберлиннің шығармалары,
6. Оралхан Бөкей "Ұйқым келмейді",
7. Әбді-Жәміл Нұрпейісовтың шығармалары,
8. Қабдеш Жұмаділов "Дарабоз", "Тағдыр",
9. Мұхтар Мағауин "Аласапыран",
10. Дулат Исабеков "Қарғын",
11. Ілияс Жансүгіров өлеңдері,
12. Әкім Тарази шығармалары,
13. Роза Мұқанованың пьесалары,
14. Смағұл Елубай. "Ақбоз үй" және тағы басқа шығармалары,
15. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері.
Әлемдік әдебиет:
16. Федор Достоевскийдің шығармалары,
17. Лев Толстойдың шығармалары,
18. Антон Чеховтың әңгімелері, повестері, пьесалары,
19.Иван Буниннің шығармалары,
20. Эрих Мария Ремарктың "На западном фронте без перемен" туындылары.
Публицистика, ғылыми-танымдық әдебиет:
21. Никколо Макиавелли. "Государь",
22. Алексис де Токвиль. "Демократия в Америке",
23. Жан Монне."Реальность и политика",
24. Ли Куан Ю "Из третьего мира - в первый.История Сингапура (1965-2000)",
25. Наом Хомский. "Создавая будущее",
26. Мэтью Барроуз "Будущее: Рессекречено. Каким будет мир в 2030 году".
Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аударылған шығармалар:
27. Энтони Кенни. "Батыс философиясының жаңа тарихы",
28. Клаус Шваб."Төртінші индустриялық революция",
29. Джон Гэмбл, Маргарет Питереф, Артур Томпсон. "Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу",
30. Росс Данн, Лора Митчелл. "Panorama: Дүние жүзі тарихы".
Abai.kz