“42 500 жыры” трагикомедиясы
Үкімет: 42500 береміз, бірақ ережесі белгісіз!
Үкімет: 42500 береміз, құжат өткізіңдер, арнайы шот ашыңдар, еговқа тіркеліңдер, ЭЦП алыңдар!
Халық: Егов деген не?
Халық: ЭЦП деген не?
Халық: Қайда? Кімге? Не құжат?
Халық: 42500!!! 42500!!! 42500!!!
(Еговты қолданбайтын, ЭЦП-сы, есепшоты жоқтар сандалысы басталады, банктердің алды толған адам)
Үкімет: 42500 береміз, топырламаңдар!
Үкімет (Әлеуметтік қорғау министрлігіне, зілді дауыспен): ЭЦП-сыз беріңдер! Жылдам!
Үкімет (банктерге, қиылған дауыспен): Есепшотты онлайн ашсаңыздар?
(Мұқтажы, мұқтаж емесі жаппай 42500 ала бастайды)
Үкімет: 42500 заңсыз алмаңдар, ұят қайда?!
Үкімет: 42500 заңсыз алғандар, шот – мынау!!
Үкімет (зілді дауыспен): 42500 заңсыз алғандар, қайтарыңдар!
Үкімет (қаһарлы дауыспен): 42500 заңсыз алғандар, қайтармасаңдар сотталасыңдар!!!
( 42500 жұмсалып кеткен, қайтарғандар аз)
Үкімет (жаңалықтардан): 42500 заңсыз алған Мырқымбайға айыппұл!
Үкімет (жаңалықтардан): 42500 заңсыз алған Әпитөк сотталды!
Үкімет: 42500 заңсыз алғандардың кесірінен қалғанына ақша жоқ!
( 42500 алмағандар наразылығы басталады)
Үкімет: 42500 заңсыз алғандарды ұстап беріңдер!
Үкімет: 42500 заңсыз алғандар кінәлі! Ақша бітті!!!
(Пандемия бітіп, өмір қалыпқа келеді)
Үкімет: Біз сендерді 42500-дің көмегімен аман алып шықтық!
(Шымылдықтың артындағы дауыс): Жасасын үкімет!!! Жасасын үкімет!!! Жасасын үкімет!!!
(шымылдық)
Мұхтар Сеңгірбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz