Сенбі, 24 Қазан 2026
5508 2 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 10:47

Тоқаев өзбек мигранттарының еңбек құқығын қорғау туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі өзбек мигранттары мен Өзбекстандағы қазақ мигранттарының еңбек құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Қазақстан мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Көрші екі ел арасындағы келісім еңбек мигранттарының құқықтарын қорғайды.

"Атап айтқанда, оларға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Бұған қоса еңбек міндеттерін орындау кезінде зардап шеккен еңбек мигранттарының құқықтары қорғалады" делінген ресми хабарламада.

Еңбек мигранттарының өз елінде алған біліміне сай құжаттары көрші елде мойындалады.

Келісім еңбек мигранттарын зейнетақымен және әлеуметтік қамтамасыз ету жағын да қарастырады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1176
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1636