Осылайша Израиль бір жылға созылған саяси дағдарыстан шығады. Соның арқасында мемлекеттік қызметте қалған Биньямин Нетаньяху жемқорлыққа қатысты айыптаулардан арылады.
"Нью-Йорк таймс" газетінің хабарлауынша, жаңа үкімет құрылса, Израиль төртінші сайлау науқанын өткізбейді. Бұған дейінгі үш сайлауда ешкім жеңіске жетпеді. Екіге бөлінген ел бірлескен үкімет құрған соң коронавирус пандемиясымен күресте күш біріктіреді.
Бақталас партиялардың келіссөзі Нетаньяхуға премьер қызметінде қалып, Израильді ұзақ уақыт басқарған саясаткерге айналуына ықпал етеді деп жазды "Нью-Йорк таймс".
Abai.kz