Сенбі, 23 Қараша 2024
2391 1 пікір 22 Сәуір, 2020 сағат 11:17

Ұлттық банк компанияларға есепшотынан қолма-қол ақша шешуге шектеу қойды

Қазақстанның Ұлттық банкі 21 сәуірде заңды тұлғаларға банк есепшотынан қолма-қол ақша шешуге шектеу қойды. Қаржы мекемесінің сайтында жарияланған қаулы биыл 1 маусымда күшіне енеді.

Ұлттық банк мұндай шешімді қабылдау себебін түсіндірмеді. Соңғы күндері билік төлемдерді қолма-қол ақшасыз формаға көбірек ауыстыруға тырысып жатыр.

Шағын бизнес компанияларына бір айда 20 млн теңге (шамамен $46 мың), орта бизнес компанияларына – 120 млн теңге (шамамен $270 мың), ал ірі бизнес компанияларына – 150 млн теңге ($347 мың) шешуге рұқсат етілді.

Одан көп ақша шешу үшін компаниялар банкке арыз өткізуі тиіс. Арызға қатысты шешімді Мемлекеттік кіріс комитеті үш жұмыс күнінде қабылдайды.

Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, ұсақ компаниялар, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы өнімдерін сатып алатын заңды тұлғалар, азық-түлік және дәрі-дәрмектің бөлшек саудасын жүргізетін заңды тұлғалар қолма-қол ақшаны ешқандай шектеусіз шешіп ала алады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439