Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 29961 3 пікір 22 Сәуір, 2020 сағат 16:52

Карантин қашан аяқталады?

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2047 адамға жетті. 505 адам жазылып шығып, 19 адам қайтыс болды. Елде төтенше жағдай жарияланып, карантин мерзімі 15-сәуірден, 30-сәуірге дейін ұзартылған болатын. Сонымен, карантин қашан аяқталады? Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны шарықтау шегіне (пик) жетті ме? Біз ел басшыларының ақпараттарына шолу жасадық.

Тоқаев: Шарықтау шегіне жеткен жоқпыз

19-сәуір күні Президент Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында вирус жұтырғандар саны өскенмен, әлі шарықтау шегіне жеткен жоқпыз, деп жазды.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли келесі аптада Қ.Тоқаевтың коронавирусқа байланысты телевизиялық үндеуі жарияланатынын, онда елдеге Төтенше жағдай режимінің ұзартылуы сөз болатынын айтты.

Елжан Биртанов: Всё больше среди заражённых будет беременных ...

Ал, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының таралуы мамырда да жалғасатынын айтты.

«Ауру жұқтырғандардың көбеюі, асқынуы (шарықтау шегі) және азаюын үш ай бойы - наурыз, сәуір және мамырда қадағалаймыз. Біз мамырдан кейін ештеңе болмайды деп айтпаймыз. Инфекция болады, қоғамда таралады. Біздің міндет - осымен бірге өмір сүріп үйрену. Инфекция - өте жұқпалы. Адамдардың кей санатын ауыр жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан эпидемияға төтеп беріп, төмендетіп алған соң, үнемі карантинде отырмау үшін мұнымен өмір сүріп үйрену керек.

Сондықтан біз мамыр айының соңына дейін шамамен 3500 жағдай болады деп ойлаймыз. Содан кейін басқа санды тіркей бастаймыз, қазір нақты бірдеңе айту қиын. Жапонияда, Сингапурде эпидемия қайта басталды. Болжам жасау қиын, Қазақстанда нақты былай болады деп болжай алмаймыз», - деді Біртанов.

Біртанов: Шарықтау шегіне жеттік

Сонымен қатар ол, Қазақстан коронавирус эпидемиясының ең жоғарғы сатысында тұрғанын мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, елімізде пациенттердің өсу қарқыны орташа есеппен  8%-ды құрайды. Алайда, бұл әлі жағдайдың төмендегенін немесе тұрақтанғанын көрсететін көрсеткіш емес, дейді министр.

«Біздің міндетіміз - бес пайыздан, содан кейін бір пайыздан төмен түсу. Сонда біз індет азайды деп айта аламыз. Жаңа науқастардың саны ауруханалардан шығарылған адамдар санынан аз болуы керек.Әзірге біз шарықтау шегінде тұрмыз» ,- деді Біртанов.

Өңірлерде шарықтау шегі енді басталған

Оның айтуынша, соңғы бір аптада Нұр-Сұлтан мен Алматыда өсім 5-тен 15 пайызға дейін өсті. Ал, Қазақстанның басқа өңірлерінде коронавирустың шарықтау шегі енді басталған.

Асқар Мамин төраға қызметінен кетті

Ал, кеше Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин карантиндік режимді біртіндеп жеңілдету шаралары қабылданатынын мәлімдеді.

«20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Соның ішінде құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетін болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен, бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады»,- деді Үкімет басшысы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439