Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 15:02

Достық және ынтымақтастық керуені Ұлы Жібек жолымен Қазақстанға келіп жетті

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ - Кемар Машанло. Еуро-азиялық көлік дәлізі - Сиань (ҚХР) - Роттердам (Нидерланды) бағытымен Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға бағытталған халықаралық «Достық және ынтымақтастық керуені» автокеруені Қазақстанға келді.

Экспедиция мүшелерін Қорғас шекара бекетінде қарсы алды.

«Автожүрудің қазақстандық бөлігі - достық көпірін қалпына келтірудің маңызды құрамдас бөлігі. Ол еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен ҚР және ҚХР арасындағы ресми қарым қатынастардың орнығуының 20 жылдығына арналады», - деді Қазақстан дүңгендері қауымдастығының президенті, осы шараға қатысушы, Хусей Дауров.

Оның айтуынша, автокеруеннің Қытайдың бұрынғы астанасы, Ұлы Жібек жолына бастау берген көне Синайдан бастау алғаны өзінше символдық нышаны бар.  Ол қала Шэньси провинциясының әкімшілік астанасы. Соңғы жылдары осы қала мен Жамбыл облысының арасында тығыз экономикалық және мәдени қарым-қатынас орнаған. Бауырластық туралы келісім, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, тараптардың бірлесе қатысуымен зауыттар мен өндірістер ашылды, қазақстандық студенттер сиань оқу орнында білім алуда.

Бейбітшілік керуені Ұлы жібек жолының Қытайдағы да, шетелдегі де көне қалалары арқылы өтеді. Қазақстанда ол Алматы - Қордай- Масанчи - Тараз - Түркістан - Атырау - Ақтөбе арқылы өтеді.

Еуро-азиялық автодәлізді жаңғырту - Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолының құрылысын салу, дәл осы, Қазақстаннан бастау алды.

Бұдан ары автокеруен Ресей, Түркия, Грекия, Италия, Швейцария, Германия арқылы өтеді. Керуеннің ақтық тоқтайтын орны Нидерланды.

Бұл екінші экспедиция. Алғашқысы былтырғы тамыз айында өткен. «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» халықаралық экспедициясы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) хатшылығы мен ҚХР Шэньси провинциясының үкіметінің қолдауы арқасында өтіп отыр, деді Қазақстан дүңгендер қауымдастығынан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387