Екі адамға ине салды. Біреуіне вирусқа қарсы вакцина, екіншісіне менингитке қарсы екпе салды. Ғалымдардың басты мақсаты - препараттың қауіпсіздігі жөнінде ақпарат жинау және COVID-19 вирусына қарсы иммунитет қалыптастыру.
Вакцина шимпанзе вирусының негізінде дайындалып, оған жаңа типтегі коронавирустың генетикалық кодын қосқан. Ғалымдар зерттеудің қорытындысы жарты жылдың ішінде белгілі болады деп мәлімдеді.
Қазір әдемнің онаған зертханасы COVID-19 вирусына қарсы вакцина жасаумен айналысып жатыр. Бірер күн бұрын Германия да еріктілерге жасап шығарған екпелерін сынауды бастағанын хабарлаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде қазір 70 вакцина әзірленіп жатыр. Бірінші болып вакцинасын сынауды бастағанын АҚШ пен Қытай мәлімдеді. Ресей болса, клиникалық сынақты 1 маусымнан бастауды жоспарлап отыр.
Мамандардың пікірінше, коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу кемінде 2021 жылдың басында басталады.
Әлемде Covid-19 коронавирусы 2,6 миллионнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар 184 мыңнан асты. 721 мыңнан астам адам жазылды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы желтоқсан айының соңында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.
Abai.kz