Жұма, 22 Қараша 2024
4815 12 пікір 28 Сәуір, 2020 сағат 14:00

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанға наразылық нотасын жолдады

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі 27 сәуірде Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдады. Бұған қазақстандық "Патруль сериалындағы тәжік мигрантына қатысты бір көрініс түрткі болған.

"Патруль" сериалын B.A.S production продюсерлік орталығы "Независимый телевизионный канал" компаниясының тапсырысымен түсірген. Сериал қазақстандық NTK телеарнасында көрсетілген.

Орыс тілінде түсірілген сериал полицияда істейтін Серік пен Берік туралы. Сериалдың бір эпизодында олар үсті-басы кір, қазақша да, орысша да сөйлемейтін бір адамды тұтқындайды. Оған автокөлік жуғызып, полиция бөлімшесіндегі кеңсені сырлатады. Тұтқындалған адамның Тәжікстан елшісі екені кейін белгілі болады. Ол елшілікке бара жатып адасып кеткен...

Тәжікстан билігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен сериалды түсірген B.A.S production продюсерлік орталығы мен NTK телеарнасының әрекетіне "құқықтың баға беріп", "тексеру жүргізуін" талап етті. Душанбе бұл сериалдағы көріністер "ұлтаралық араздық туғызып, Тәжікстанды жаман қырынан көрсетеді" деп есептейді.

2016 жылы Тәжікстан ресейлік "Комсомольская правда" газетін елде таратқызбай қойды. Газет журналисі Тәжікстан тұрғындарын "Наша Russia" ситкомындағы Равшан мен Жамшут есімді мигранттарға теңеген. Душанбе мұндай мақала "тәжік халқының ар-намысына тиеді" деп есептеді.

Кезінде Қазақстан Саша Барон Коэннің "Борат" фильмін "халықты мазақ етті" деп қабылдаған. Алайда, сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны әзіл деп қабылдауға шақырып, Қазақстанның сол кездегі сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов "Борат" фильмінің арқасында елге туристер көп келе бастады деген. Дегенмен Саша Барон Коэннің "Диктатор" фильмін Қазақстан да, Тәжікстан да көрсетуге тыйым салған.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314