Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2825 0 пікір 26 Қазан, 2011 сағат 05:10

Дилара ИСА. Ұлтаралық мәселеде арқаны кеңге салуға болмайды

Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №3 орта мектеп ұжымы "Жас Алаш" газетiне мәлiмдеме жасап, хат жолдады. "22 қыркүйекте республикалық "Свобода слова" газетiнде "Капшагайский инцидент" атты мақала жарыққа шықты. Мақала негiзсiз жазылып, мектеп ұжымына күйе жағылған. Ұлтаралық мәселе қозғаған автор А.Құбайжанов бiржақты пiкiр алып, жауапсыздық танытқаны үшiн заң алдында жауап беруiн талап етемiз. Мақалада кезiнде бiздiң мектепте оқыған Полина Ходыкинаның анасы Виктория Викторовна "мектепте ұлтшылдық тәрбие" берiлуде, оқушылар қызыма қысым көрсеттi. Баламды басқа мектепке ауыстыруға мәжбүр болдым", - дейдi. Мәселенiң ақ-қарасын ашу үшiн Сiздерге хат жолдаудамыз, таразылап көрсеңiздер", - дейдi мектеп ұжымы.

 

"РЕСЕЙДЕ ЕМЕС, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТIНДЕ ӨМIР СҮРУДЕМIЗ"

Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №3 орта мектеп ұжымы "Жас Алаш" газетiне мәлiмдеме жасап, хат жолдады. "22 қыркүйекте республикалық "Свобода слова" газетiнде "Капшагайский инцидент" атты мақала жарыққа шықты. Мақала негiзсiз жазылып, мектеп ұжымына күйе жағылған. Ұлтаралық мәселе қозғаған автор А.Құбайжанов бiржақты пiкiр алып, жауапсыздық танытқаны үшiн заң алдында жауап беруiн талап етемiз. Мақалада кезiнде бiздiң мектепте оқыған Полина Ходыкинаның анасы Виктория Викторовна "мектепте ұлтшылдық тәрбие" берiлуде, оқушылар қызыма қысым көрсеттi. Баламды басқа мектепке ауыстыруға мәжбүр болдым", - дейдi. Мәселенiң ақ-қарасын ашу үшiн Сiздерге хат жолдаудамыз, таразылап көрсеңiздер", - дейдi мектеп ұжымы.

 

"РЕСЕЙДЕ ЕМЕС, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТIНДЕ ӨМIР СҮРУДЕМIЗ"

Асқар Құбайжановтың жазуынша, 12 жастағы Полина қазақ тiлiн судай бiледi. "Сiздер неге қазақша сөйлемейсiздер? Бiз Ресейде емес, Қазақ мемлекетiнде өмiр сүрудемiз" дептi қаршадай қыз орыстiлдi қазақ журналисiнiң жағасынан алып. Жалпы, Хадыкинаның отбасы бүгiнгi талапты да бес саусақтай бiлетiн көрiнедi. "Орыстiлдi азаматтар мәселенiң ара-жiгiн ажыратып алуы қажет. Не Қазақстанды өз Отаным деп қабылдайсың, не шабаданың қолыңда, вокзал болса әне тұр, жол ашық... Конституцияда мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi деп жазылған ба, Қазақ мемлекетiнiң әрбiр азаматы қазақ тiлiн игеруге мiндеттi... Айтылды ма, бұлжытпай орындау парыз". Осы қағидаға сүйенген бе, Полинаны отбасы 3 жасында қазақтiлдi "Гүлдер" балабақшасының тәрбиесiне сенiп тапсырыпты. Алғашында қиындау болса да, жарты жылда орыс қызының тiлi қазақша шыға бастайды. Кейiннен сөйлеп қана қоймай, оқуды да, жазуды да үйренген. Анасы Виктория Викторовнаның айтуынша, бар мәселе Палинаны Қапшағай қаласындағы №3 орта мектепке қабылдау кезiнде басталған. Мұғалiмдер "орыс қызы неге қазақ мектебiнде оқымақ?" деп, 2 сағат емтихан алыпты. Сыннан сүрiнбей өткен соң еш кедергiсiз қабылданған. 4-сыныпқа дейiн алғыс хат алып, "5" деген бағаға тәмамдаған. Алайда неге екенiн қайдан, Викторияның айтуынша, мәселенiң бәрi жаңа оқу жылынан бас­тал­ған. Полина ұлтқа бөлушiлiктiң құрбанына айналған-мыс. Сыныптастары бөлiп-жарып, тiптi бiр партада отырудан бас тартыпты. Бұл жайды мектеп әкiмшiлiгiне ескертiп, директор мен оның орынбасарларын құлағдар еткен. Алайда нәтиже болмаған көрiнедi. Керiсiнше, қысым күшейiп, мәселе күннен-күнге күрделенген. Бұл оқиғаны баяндап, "Нұр Отан" ХДП-ның Қапшағайдағы филиалына, қалалық прокуратураға шағымданған. Прокуратурадан ресми түрде тексеру барысында ешқандай заңбұзушылық әрекеттерi табылмағаны жөнiнде жауап келген.   

ҚАЗАНДА НЕ БОЛСА, ШӨМIШКЕ СОЛ IЛIНЕДI

Ал мектеп ұжымының редак­ция­мыз­ға хабарлауын­ша, Полина Ходыкина 2006 жылы 1-сыныпқа қабылдан­ған. Сынып жетекшiсi Г.Рахимова оның белсендiлiгiне ерекше көңiл бөлiп, қосымша тапсырмалар берiп, сыныптастарының алдында көтермелеп, өткiзiлген iс-шараларда жүргiзушi еткен. Әйткенмен, оқушының анасы қызының дәл осы мектепте тәлiм-тәрбие алып, ортаға бейiмделуiне керi ықпал жасаған. Қапшағай қалалық "Нұр Отан" ХДП-ның филиалына шағым хат түсiрген. Онда оқушылар Айсұлу Ерiмбетова мен Шынар Елеубекованың Полинаның көңiлiне тиетiн сөз айтқаны үшiн шара қолдануды талап еткен. "Дәл осы мәселеге байланысты жиналыс ашып, анығына қанықтық. Оқушылар емес, Полинаның өзi оларды балағаттаған болып шықты", - дейдi мектеп ұжымы. Сонда да Виктория мектеп қабырғасында әсiреұлтшыл тәрбие жүргiзiлгендiктен "бұзық" оқушылардың көбейiп кеткендiгiн, олар Полинаға қоқан-лоқы көрсететiнiн алға тартып арыз жазуды тоқтатпаған. Ал пән мұғалiмдерi оқушы Полинаны қазақ тiлiне баулып, тiл үйренуге деген құштарлығын кеңейтiп, мектепiшiлiк, қалааралық, тiптi мәнерлеп оқудан сайыстарға дайындап, жүлделi орындарды иеленуiне тәрбиелеген. Әртүрлi сайыстарға қатыстырған. Ұстаздар қауымының айтуынша, бар мәселе оқушының анасы Викторияда. Мәселен, бүкiл сыныптың ата-аналары бiрыңғай киiм киюге ниеттенсе, Виктория Викторовна "Полина өзгелерден биiк болуы керек" деп мектепiшiлiк ережеге бағынбаған. Сыныптас қыздар шаштарына ту түстес көгiлдiр бантик тағуға келiскенде, тағы қарсылық көрсетiп, бантиктi Полинаның шашынан шешiп алып, оқушылардың көзiнше қоқыс жәшiгiне тастаған. "Сұрақ туындайды: "Свобода слова" жазғандай, кеудесiнде патриоттық сезiмi бар азамат ту түстес бантиктi бүкiл мектептi кемсiткен түрде қоқысқа тастай ма? Оқушыны еңбекке баулу, олардың туған жерге, табиғатты аялауға деген сезiмдерiн ояту мақсатында жасалатын iс-шараның бiрi - "сенбiлiктi" бәзбiреудiң қоқысын тазалау деп бағалаған ол Полинаны сенбiлiктерге қатыстыр­ған емес. "Қазанда не болса, шөмiшке сол iлiнедi", "көкек өз атын өзi шығарады". Виктория Викторовнаның бұл әрекетi жөн бе?" "Нұр Отан" ХДП мен қалалық прокуратураға шағым түсiрдi. Мектепте "ұлтшылдық көзқарас көрiнiс беруде" деп арызданды. Тағы жиналыс аштық. Полинаны мазақ еттi, сыныптастарының бұл әрекетi "ұлтшылдықтың бастапқы көрiнiсi", - деп айтты. Басқа оқушылардың ата-аналары да "шыдамның шегi бар дедi ме, Полинаның сыныптастарына қарата айтқан былапыт сөздерiн қайда қоясыз?" деп сұрақ тастады. Ол: "Бұл - балалық тентектiк" деп жауап қатты. Ашуға булыққан ата-аналар: "Бiздiң балалар тоқалдан туған ба сонда? Басқа баланың айтқан сөзi "ұлтшылдық", ал Полинаның сөзi "балалық, тентектiк" болғаны ма?" деп тағы төтесiнен сұрақ тастады. Виктория Викторовна үн-түнсiз қалды. - Бiздiңше, Полинаның анасы тырнақтың астынан кiр iздеуде. Басқасы басқа, мұндай оқиғалар ендi ғана қалыптасып келе жатқан оқушының мiнез-құлқына керi әсерiн тигiзетiнiн анасы бiр сәт ойласа неттi? Оқушылардың "балалық тентектiгiн", ұлтаралық мәселеге айналдырғаны өкiнiштi-ақ, - дейдi мектеп ұжымы.    

БҰЛ ҚАЙ САЯСИ ЖҮЙЕНIҢ ЖЕМIСI?

Шынтуайтына келгенде, қазiргi таңда Қазақстандағы ұлтаралық мәселе - тиiп қалсаңыз сынып қалатындай күйде тұрған өткiр мәселе. Күйiп тұрған, iштей бықсып қызыл жалынға айналуға шақ тұрған өзектi мәселе. Болмашы елеусiз оқиғадан ушығып кетуi ғажап емес. Ұлтаралық мәселе үздiксiз бақылауды талап ететiн түйiн екенi де содан. Кездейсоқ кездесiп мәселе туа қалса, үкiметтiң бейбiт түрде шеше қоярына күмән да жоқ емес. Солай бола тұра, Қазақстанда бұл түйiн күн өткен сайын түйiлiп бара жатқандай. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiне орасан зор ықпал ететiн дәл осы мәселеде көрпенiң астына басымызды тығып, мысықтан қорқып үрiккен қояндай бұғып жатуды қою қажет.  Полинаның қазақ тiлiн меңгергенi қуантарлық жайт, әрине. Дегенмен, оның кiмнiң немесе кiмдердiң кесiрiнен, ықпалымен қазақтiлдiден орыстiлдi мектепке ауысып кеткенiн тиiстi мекемелер бақылауға алғаны абзал. Анасы Виктория Викторовна түймедейдi түйедей еттi ме, әлде мектеп ұжымы бала тәрбиесiне нем­құрайлы қарады ма, бүге-шүгесiне дейiн анықтаған мақұл. Бұл, бiрiншiден, қазақ тiлiнiң мәртебесi үшiн, қазақ тiлдiлердiң, қазақ тiлiн үйренуге ниеттенгендердiң сағын сындырмауы үшiн қажет-ақ. Екiншiден, Қазақстандағы ұлтаралық мәселеге тамызық болатын оттықтың бiрi дәл осы тiл мәселесi екенiн ұмытпаған жөн. Әйтпесе, қанша жерден қазақ билiгi бұлбұлша сайрағандай, "Қазақстан ұлтаралық татулықты ту еткен ел, ұлтаралық келiсiм мен бiртұтастықты жыр еткен ел" болса да, соңғы кезде жер-жерден орын алып жатқан дау-жанжалдар республикада ұлтаралық мәселенi ушықтырып жiберуi мүмкiн екенi, мұндай күрмеуi көп күрделi мәселенi бiлсе де бiлмегенге сайып, құзырлы орындар жауырды жаба тоқуға әрекеттенсе де, ел iшiнде бүлiк шығуы мүмкiн екенi бүгiнде жасырын емес. Әртүрлi ұлттардың арасындағы шиеленiстер былай тұрсын, орыстiлдiлер мен қазақтiлдiлер деп қақ жарылған бүгiнгiдей қоғамда арқаны кеңге салып бейқам отыруға мүлде болмайды.  

Дилара ИСА

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366