Нұралы Бектұрғанов: ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ СЕРПІНДІ ДАМУЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА НЕГІЗДЕЛУІ ТИІС
- Нұралы Сұлтанұлы, бүгінде әлемдік экономикалық жүйе өзгеріп, барлық бағыттарда бәсекелестік күшеюде. Бұл Қазақстан ғылымы салаларына да тән. Оның үстіне инновациялық индустрияландыруды барынша дамыту міндеті алдымызға қойылып отыр. Әңгімені осыдан бастасақ.
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде жасаған "Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы - біздің ортақ болашағымыз үшін" атты баяндамасында: "2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап "Қазақстан-2030" Стратегиясының аясында біз индустриялық-инновациялық жедел даму бесжылдығын бастаймыз. Біз әлемнің барлық мемлекеттерінде өткен ғасырдың басында болған индустрияландыру туралы емес, инновациялық индустрияландыру туралы айтып отырмыз. Біздің индустрияландыру әлемдік экономиканың қазіргі даму ғұрпына сәйкес болуы тиіс" деп атап көрсеткен болатын. Егер біздер "Әлемдік экономиканың қазіргі даму тәртібі қандай?" деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, көптеген белгілер мен көріністердің ішінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында ғылым мен зерттеулердің рөлін күшейту қажеттілігін айқын аңғарған болар едік.
- Нұралы Сұлтанұлы, бүгінде әлемдік экономикалық жүйе өзгеріп, барлық бағыттарда бәсекелестік күшеюде. Бұл Қазақстан ғылымы салаларына да тән. Оның үстіне инновациялық индустрияландыруды барынша дамыту міндеті алдымызға қойылып отыр. Әңгімені осыдан бастасақ.
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде жасаған "Қазақстанның индустриялық-технологиялық дамуы - біздің ортақ болашағымыз үшін" атты баяндамасында: "2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап "Қазақстан-2030" Стратегиясының аясында біз индустриялық-инновациялық жедел даму бесжылдығын бастаймыз. Біз әлемнің барлық мемлекеттерінде өткен ғасырдың басында болған индустрияландыру туралы емес, инновациялық индустрияландыру туралы айтып отырмыз. Біздің индустрияландыру әлемдік экономиканың қазіргі даму ғұрпына сәйкес болуы тиіс" деп атап көрсеткен болатын. Егер біздер "Әлемдік экономиканың қазіргі даму тәртібі қандай?" деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, көптеген белгілер мен көріністердің ішінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында ғылым мен зерттеулердің рөлін күшейту қажеттілігін айқын аңғарған болар едік.
Қазақстанда дағдарысқа қарсы қолданылатын ең тиімді шара алтыншы технологиялық тәртіпке ел экономикасының серпінді секіруін жедел даярлау болуы тиіс. Алтыншы тәртіптің белгілері алдыңғы қатарлы елдерде соңғы 10 жыл ішінде пайда бола бастады. Бұл - ең алдымен, дамыған елдерде ондаған миллиардтаған доллар қаражат бөлінетін нанотехнологияның жеделдетіп дамуы. Ол материалдардың барынша тиімді буынын құру үшін жаңа мүмкіндіктерге ғана емес, өмірдің және адамзат қызметінің көптеген салаларында тұтас бірқатар түбегейлі жаңа проблемаларды шешуге де жол ашады. Бұлар - су энергиясының және екінші буын - биоотын сияқты баламалы энергияның жаңа түрлерін әзірлеу және жаңғыртылмалы энергия көздерін игеруге деген назардың бірден күшеюін білдіреді.
Дәл осы алтыншы тәртіптің технологияларын игеру үшін үкіметтік орта да, технологиясы дамыған елдердегі ірі корпорациялар да бағдарланған. Олар принципті жаңа технологияларды игеруге арналған ірі ресурстардың бөлінуін әлемдік рыноктағы осы елдердің өнімдері жоғары бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне негіздеп, экономикалық және өзге де дағдарыстарды жеңуге көмектеседі. Қазақстанда, әрине, дағдарысқа қарсы қолданылатын ең тиімді шара 6-шы технологиялық тәртіпке ел экономикасының серпінді секіруін жеделдетіп даярлау болуы тиіс...
- Сөзіңізді бөлейін, оқырманға ұғынықты болуы үшін алтыншы технологиялық тәртіпке дейінгі тәртіптерге қысқаша түсінік беріп өткен жөн секілді.
- Алғашқы технологиялық тәртіп - XVІІІ ғасырдың аяғында XІX ғасырдың басында Англиядағы өндірістік төңкеріске байланысты болды. XІX ғасырдың 20-шы жылдары екінші технологиялық тәртіп қалыптасты, бұл кезеңге мәшине өндірісінің, оның ішінде мәшинелер арқылы мәшинелер өндірісінің қарқынды дамуы тән. Үшінші технологиялық тәртіп - XІX ғасырдың 50-60-шы жылдарында қалыптасты және ол электр қозғалтқыштарын пайдаланумен және электр техникасының пайдаланылуымен сипатталады. Төртінші технологиялық тәртіптің өзегі - ішкі жану қозғағышы болды, ол базистік жаңалықтың бірі болып табылады.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап бесінші технологиялық тәртіп қалыптаса бастады, оның өзегі ақпараттық-телекоммуникациялық технология болды. Бүгінгі күні алтыншы технологиялық тәртіп қалыптастырылуда және 2008-2009 жылдардағы дағдарыс олар сүрлеуге айналдырған жолмен технологиялық көшбасшыларды қуып жетуге ұмтылудың пайдасыз екендігіне, керісінше біздің экономикамыздағы бар 3-ші, 4-ші және 5-ші тәртіптермен бірге бірден 6-шы тәртіпке технологиялық секіріс жасау керектігіне жауап берді. Сондықтан біз нанотехнологияны, жаңғыртылмалы және баламалы энергетиканы, биониканы, т.б. қарқынды дамытуға тиіспіз.
- Осы бағытта өзіңіз басшылық ететін холдинг қандай жобаларды жүзеге асырып жатыр?
- Авраам Линкольннің сөзімен айтар болсақ, бұл жерде оның азамат соғысы қызу жүріп жатқан кездің өзінде АҚШ ұлттық ғылым академиясын құрғанын еске алған жөн. Біздерге қазір "жаңа және пайдалы заттарды ашу үшін адамзат данышпандығына коммерциялық мүдденің майын құю" қажет.
Қазіргі уақытта "Парасат" ұлттық ғылыми-техникалық холдингі" АҚ экономиканың инновациялық дамуына айтарлықтай ықпал ететін отандық және шетелдік әзірленімдерге негізделген жобаларды қалыптастыруда және даярлауда. Ол Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс XІІ съезінде жариялаған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамудың бесжылдық жоспарына негіз бола алады.
Әлемдегі жаңғыртылмалы энергетиканың алтыншы технологиялық тәртіпті дамыту үшін маңызды бағыт болып табылатыны бүгінгі күні кеңінен мойындалған. Мысалы, Қазақстанда кремний саласын - Күн энергетикасын дамыту үшін жақсы алғышарт бар. Қазір елімізде жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға негіз болып табылатын Қарағанды қаласындағы "Sіlіcіum Kazakhstan" ЖШС және Үштөбе қаласындағы "Kaz Sіlіcon" ХК ЖШС кәсіпорындарындағы біздің отандық әзірленімдеріміз негізінде құрылған зауыттарда металлургия кремнийі өндіріледі. Жеткілікті шикізат базасы - тазалығы жоғары металлургия кремнийінің өндірісі үшін 65 млн. тонна жоғары сапалы кварц (99,9 пайыздан астам) және үлесі 97-99,9 пайыз металлургия кремнийінің өндірісі үшін жарамды 267 млн. тонна кварцит бар.
Қазір бүкіл әлем жұқа үлбіршекті Күн элементтерін (2 микрон) әзірлеумен айналысуда, әзірге оны әлемде кремнийлі табақшалардан (200 микрон) жасайды, ол үлбіршекке қарағанда 100 есе қалың. Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстан жұқа үлбіршекті технологияларға бағдарлануы тиіс, ол біздің осы саладағы көшбасшылығымызды қамтамасыз етеді. Тек осындай әзірленімдердің негізінде ғана жоғары технологиялық өнімдердің әлемдік рыногына шыға аламыз, Сонда ғана Қазақстан дамыған елдер секілді жаңа 6-шы технологиялық тәртіптің алдыңғы қатарынан көрінуге ұмтыла алады.
Қазақстан аумағында оларды Күн кластерлеріне біріктіріп, жоғары жиіліктегі кремний алудан, нано деңгейдегі материалдарды өңдеуден бастап Күн құрылғыларының даяр жүйелерін құрастыруға дейінгі бір мақсатқа бағындырылған Күн энергия құрылғыларын шығаруға арналған толық технологиялық циклді кәсіпорнын құру ұсынысы алға тартылады. "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында тәжірибелік-өндірістік жоғары технологиялық өндірісті орналастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылымдармен жарақталған технологиялық алаң құру осы өндірістің айналасында мыңнан астам шағын кәсіпорындарды құруға мүмкіндік береді. Сондықтан "Даму" қоры дәл осы бағыттағы шағын кәсіпорындарға қаражатты мақсатты түрде бөлгені жөн. Бұл үшін мемлекеттік жеке әріптестік негізінде "Алатау" ақпараттық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында Қазақстанда өндірілетін металлургиялық кремнийді олар үшін жоғары технологиялық жабдықтарды сатып ала отырып, "алты тоғыздық" стандартына дейін жеткізу бойынша фирма құру керек.
Мұндай үлкен кәсіпорын олардың бағыттарының әралуандығына және жұмыс ерекшеліктерінің бір ғана кезеңіне тән болуы үшін қажет. Мысалы, Жапонияда осы кластердің үдерістерін 2000-нан астам кәсіпорын орындайды. Олардың өзара байланысы бір тізбектен арыға таратылмайды, яғни әр кәсіпорын тек өзімен көрші кәсіпорынды және технология өлшемдерін - өнімдерді кімнен алатынын және кімге тапсыратынын ғана біледі. Тек түпкілікті өнімді ғана танымал фирмалар (мысалы, Sharp) шығарады, ал оған (оның өнімдерімен) қыруар шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. Ұқсас құрылымдарды Күн энергетикасының кластерін құру кезінде құрған жөн болар еді. Энергетика саласындағы басқа жоба шамадан тыс жарық светодиодтері негізінде энергия үнемдеуші шырақтардың өндірісімен байланысты. Неон шамдарының өндірісінде біздердің артта қалғанымыз белгілі және осы рынокқа өз мерзімінде ене алмадық. Светодиодтер өндірісінде бұл жолы да қалып қоймауымыздың қамын ойластыруымыз қажет.
- Нұралы Сұлтанұлы, Елбасы жерасты қойнауларынан өндірілетін сирек металдарды пайдалану арқылы жаңа технологиялар жасау басым бағыттардың бірі екенін айтқан болатын. Осыған байланысты қолға алынған жобалар бар ма?
- Әрине, бар. Олар Елбасының көмірсутек және тау-кен металлургия секторларына және олармен сервистік салалардың байланыстарына арналған жаңа технологиялар ретінде айқындаған басым бағыттарының біріне байланысты. Бұл - сирек және жер қойнауындағы сирек металдар мен олардың негізінде өнімдерді өндіруді ұйымдастыруды көздейтін Қазақстандағы сирек металдар саласын дамыту жобасы. Жобаның өзектілігі, қазіргі уақытта біздің елімізде жер қойнауындағы сирек элементтер өз бетінше өндірілмейтінінде және уранды, түсті металдарды өндіру кезінде ілеспе элементтер ретінде іс жүзінде алынбайтындығында болып отыр. Шын мәнінде осы стратегиялық өнімді жер қойнауын пайдаланушылар ескере бермейді, ал олардың қалдық құраушылары бақылаусыз қалып отыр және көп жағдайларда мақсатқа сай пайдаланылмайды. Сонымен қатар, осы элементтердің әлемдік нарықтағы құны көп жағдайларда өндірілетін және қалдыққа жатқызылатын, яғни шын мәнінде лақтырылып тасталатын негізгі шикізаттың құнынан асып түседі.
Бүгінде "Парасат" ұлттық ғылыми-техникалық холдингтің ғалымдары "Қазатомөнеркәсіп" компаниясымен, "Қазфосфат" және еліміздің басқа да кәсіпорындарымен ынтымақтаса отырып, жер қойнауындағы сирек элементтерді және олардың негізінде жоғары технологиялық өнімдерді алу технологияларын әзірледі. Ұлттық компаниялармен бірлесіп атқарған жұмыстар екі жаққа да тиімді мәнге ие болады. Мысалы, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының балансында жер қойнауындағы сирек элементтері мол кен орындары және жерастын сілтілендіру қалдықтары бар. Ал "Парасат" холдингінің осы компанияның шарттарына арналған технологияларды әзірлеу мүмкіндіктері мол. Сондай-ақ "Парасат" холдингі "Ақбұлақ", "Құндыбай" (Қостанай облысы), Жоғарғы Ырғыз (Ақтөбе облысы), "Бәкен", "Қараөткел" (Шығыс Қазақстан облысы), "Жабағылы" (Оңтүстік Қазақстан облысы), т.б. жер қойнауындағы сирек кен орындарынан, Жамбыл суперфосфат зауытынан және Степногор тау-кен-химия комбинатынан жер қойнауындағы сирек элементтерді алуды жоспарлап отыр. Кеңес одағының кезінде осы металдардың айрықша бақылауда болғаны және еліміздің стратегиялық ресурстарын құрағаны жұртшылыққа мәлім.
Жер қойнауындағы сирек элементтер өзінің өзектілігін, айрықша маңыздылығын және қажеттілігін жойған жоқ. Өйткені, оларсыз ғарыш, мәшине жасау, прибор жасау, қару-жарақ жасау, күн және сутегі энергетикалары сияқты жоғары технологиялық салалар өмір сүре алмайды. Мысалы, ірі жапондық компаниялар, автомобиль шығарушылар тек олардың біреуін ғана әзірлеуге жер қойнауындағы сирек элементтердің ондаған атауларын жұмсайды. Қазіргі уақытта әлемдегі жер қойнауындағы сирек элементтерді негізгі жеткізіп беруші ҚХР-да автомобиль индустриясын дамытуға байланысты олар осы металдарды басқа елдерге жеткізіп беруді азайтуда. Осыған байланысты және тәртіп бойынша бірегей қасиеттері бар, жер қойнауындағы сирек элементтерді қамтитын бұйымдардың жоғары технологиялық өндірісінің өсуі жағдайында әлемдік ауқымда оның тапшылығы жыл сайын өсе түсуде. Ал Қазақстанның осы стратегиялық шикізаттың айтарлықтай қорына ие екенін ескерсек, жер қойнауындағы сирек элементтердің таза металдарын және құймаларын өндіру мен алуда әлемде көшбасшылық орынды иеленуге айқын алғышарттары жеткілікті. Оның үстіне жер қойнауындағы сирек элементтер саласын дамыту елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен де тікелей байланысты.
Бүгінде жер қойнауындағы сирек кен орындарындағы тікелей рудалардан және минералды тыңайтқыштар өндірісінің, вольфрам өндірісінің қалдықтарынан ренийді және жер қойнауындағы сирек элементтерді алуға есептелген жобаларды жүзеге асыру әзірленді және жоспарланды. Осы жобаның басты ерекшелігі, TOYOTA TSUSHO жапониялық жеке компаниясының әріптестігімен бірге іске асырылуы болып табылады. Жапондық компания тек ренийдің және басқа да сирек металдардың жеткізіліп берілуіне ғана емес, олардың негізінде Қазақстанда жоғары технологиялық өнімдердің өндірісін ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр. Сонымен бірге, мемлекеттік жеке әріптестік негізінде "Талдықұдық", "Саран" және "Дуб" учаскелерінде көмір пласттарының метанын өндіру бойынша жоба дайындалды. Оны отандық және шетелдік технологиялар негізінде "Temco Energy Group" жеке компаниясы мен "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірлесе отырып іске асырды. "Temco Energy Group" компаниясының Қарағандыдағы үш триллион текше метр газдан ең болмағанда жылына алған бір-екі миллиард текше метр метанды аймақты, оның ішінде Астананы арзан газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қарағанды аймағындағы көмір шахталарында дегазация технологияларын тарату және химия өнеркәсібін дамыту үшін шикізат ретінде этан өндіруге мүмкіндік жасайды.
"Парасат" ұлттық ғылыми-техникалық холдингінің тағы бір маңызды жобасы - ферросиликоалюминий және "Қазақстан" қорытпасын алудың технологиялық кешенін құру болып табылады. Ферросилицийді және алюминийді пайдалануды алмастыру үшін құрамында ферросиликоалюминий бар кремнийдің, алюминийдің және темірдің жаңа кешенді қорытпасы әзірленді. Бұл ретте ферросиликоалюминийді қолдану кремний мен алюминийдің қалдықтарын азайтуды қамтамасыз етеді. Оның әзірленіміне Президент Н.Ә.Назарбаев қатысқан, ол қорытпаны алу технологиясы отандық патентпен қорғалған. Біздер осы кешенді" "Минералды шикізаттарды қайта өңдеу кешені" ұлттық орталығымен бірлесіп 2010 жылғы қаңтарда іске қосуды көздеп отырмыз. "Парасат" ұлттық ғылыми-техникалық холдингі 6-шы технологиялық тәртіпте Қазақстанның даму және "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына нанотехнологиялық кластерді құру базасына негіз бола алатын бірнеше технологияларды әзірледі. Біздің ғалымдар қазірдің өзінде әлемдік деңгейдегі ғылыми жұмыстарды орындап келеді.
- Нақты мысалдар келтіруге бола ма?
- "Парасат" холдингінің Физикалық-техникалық институтында әзірленген, халықаралық сыныптамаға сай тиісті атаулар алған 19 наноқұрылымды ресейлік ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Жорес Алферовке көрсеткенімізде, ол барынша таң қалған еді. Сөз орайында айта кетейін, Нобель сыйлығының иегері осындай 5 наноқұрылымды әзірлеген. Ресейдің нанотехнологияны дамытудағы әлемдік беделін ескере отырып, біздер ресейлік әріптестерімізбен бірлесіп осы саладағы 9 бірлескен жобаны іске асыруға арналған жобаға қол қойдық. Бұл жобалар Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа, сондай-ақ Ресей Президенті Д.Медведевке оларды Қазақстанда іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылған Ақтөбе қаласында 2008 жылғы 21-22 қыркүйекте өткен Шекаралас аймақтар басшыларының форумында ұсынылды.
Фитохимия саласындағы жетістіктеріміз де айтарлықтай. 2013 жылы өсімдіктерден жасалған, әлемдік аналогтарынан кем түспейтін Арглабин препараттарымен (Салсоколлин, Экдифит, Атеролид, Саусалин) деңгейлес біртума препараттарды 2013 жылы шетелдік фармацевтік рынокқа шығару жоспарлануда. Қазақстандық ғылыми-технологиялық әлеуеттің жобалары аз емес, оларды дағдарысты еңсеру бойынша нақтылы шаралар ретінде Үкіметке батыл түрде ұсынуға болады. Осы және басқа да жобалар - дағдарыс жағдайында 6-шы технологиялық тәртіпке экономикасы аса мұқтаж болып отырған Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне дағдарыстан шығу және дағдарыстан кейінгі даму үшін отандық ғалымдардың қосқан лайықты үлесі болар еді.
- Ғылымды қаражатсыз дамыту мүмкін емес. Сондай-ақ Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бар. Енді осы мәселелерге тоқталсаңыз.
- Ғылымды қаржыландыруды арттыру және жеңілдіктерді енгізу қажеттілігі туралы бұған дейін талай рет айтылды және зерттеулердің қорытындыларына арналған преференциялар да көкейге қонымды. Мысалы, АҚШ сияқты алып ел ғылымды қаржыландыруды биылғы жылдан бастап ІЖӨ-нің 3 пайызына дейін ұлғайтпақшы, ал біздерде бұл көрсеткіш әлі күнге дейін 0,2 пайыздық болмашы күйінде қалып отыр. Солай болғанымен, мәселе қаражаттың қанша бөлінгенінде емес, ақшаның қалай және не нәрсеге бағытталатынында екені түсінікті.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырудың қазіргі орын алып отырған үлгісі жағдайында мемлекет іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландырады. Бірақ өндіріске әзірленімдерді енгізудің міндетті кезеңі болып табылатын тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырмайды. Нәтижесінде, ғылыми әзірленімдердің басым бөлігі сөрелерде шаң басып жатып қалады. Мемлекет басшысы бекіткен Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру үлесін дамыған елдерде орын алып отырғанындай, 50 пайызға дейін ұлғайту көзделген. Қазақстанда бұл үлес тек 8 пайызға ғана тең, ал іргелі зерттеулерге - 21 пайыз, қолданбалы зерттеулерге - 70 пайыз бөлінеді.
Жалпы, Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген шаралар іс жүзінде ойдағыдай іске асырылып отырған жоқ, ал кейде олардың кейбірінің мәні керісінше сипат алатын кездері де болады. Мысалы, бағдарламаға сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды "Ғылым" қоры арқылы жылына 4.3 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, биылғы жылы көзделген 1 млрд. теңге жақында толығымен секвестрленді. Яғни, биылғы жылғы қаражаттың енгізу бөлігіндегі шығындар 0 (нөл) деген санды құрайды, бұдан кейін енгізу туралы сөз қозғамаса да болады.
Бүгінде біздер ғылыми бағдарламалар даярлап жатырмыз. Мысалы, нанотехнология, жаңғыртылмалы энергетика, тау-кен-металлургия кешені бойынша, яғни Үкімет жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия айқындаған басымдықтар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаны Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия мақұлдағаннан кейін оны Республикалық бюджеттік комиссия қарайды. Бірақ одан кейін, түпкілікті нәтижеге бағдарланған ғылыми бағдарлама уәкілетті орган қаржыландыру кезеңінде конкурс өткізіліп, жекелеген жобалар мен тақырыптарға бөлінеді. Осылайша, бағдарлама ала-құла және жалпы алғанда, түпкілікті нәтижеге бағдарланбаған болып шығады. Бірақ ең бастысы - барлық жобаларды бірыңғай ғылыми мақсатқа бағындыру мүмкін болмай шығады, ал бағдарлама бойынша түпкілікті нәтижелерді алуға ешкім де жауап бермейді. Ғарыштық бағдарлама бойынша да, нанотехнологияны дамыту бағдарламасы бойынша да және басқа бағдарламалар бойынша да осылай.
- Әңгімеңізге рахмет.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.
«Егемен Қазақстан» газеті 24 маусым 2009 жыл