Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2988 6 пікір 30 Сәуір, 2020 сағат 11:31

Тәжікстанда азаматтардың тегін орысшалауға тыйым салатын заң қабылданды

Тәжікстанда азаматтардың тегін "-ов/-ова" және "-вич/-овна" жұрнақтарымен орысшалауға тыйым салынды. Заң ережесі елдегі аз ұлт өкілдеріне жүрмейді.

Тәжікстанның төменгі палатасы 28 сәуірде осындай қаулы қабылдады. Мұндай заң ұлттық ерекшелікті қорғау мақсатында қабылданды.

Заң жобасын парламентке елдің әділет министрі Мұзаффар Ашуриён таныстырды. Оның айтуынша, азаматтар тыйым салынған орысша жұрнақтардың орнына тәжікше "-зода", "-иён" және басқа да жұрнақтарды қолдана алады. Елдегі орыстар мен басқа аз ұлттардың өкілдеріне "-ов/-ова", "-вич/-овна" жұрнақтарын қолдануға рұқсат. Еске салайық, Тәжікстанда сексеннен астам ұлт тұрады.

Мұндай ереже азаматтардың төлқұжаттарын өзгерткенде немесе жаңадан алғанда сақталуы тиіс.

"Жаңа туған сәбилердің куәлігінде "пурдухт", "и", "зод", "зода", "он", "ён", "иён", "ниёр", "фар" жұрнақтары қолданылады", - деп түсіндірді Ашуриён.

2007 жылы Тәжікстан президенті Рахмонов Эмомали Шарипович аты-жөнін Эмомали Рахмон деп өзгертті. Содан кейін елдегі шенеуніктер мен көптеген азамат тегін тәжікше жұрнақтардың көмегімен өзгерте бастады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6020