Бұл туралы 29 сәуірде Қазақстан үкіметінде құрылған төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия жиынында айтылды.
Комиссия шешіміне сай, 4 мамырдан бастап мына кәсіпкерлік субъектілері қызметіне қайта кіріседі:
- Аумағы 500 шаршы метрге дейін жететін азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
- Фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
- Шаштараздар (алдын ала жазылу керек);
- Медицина орталықтары (алдын ала жазылу керек);
- Стоматология клиникалары (алдын ала жазылу керек);
- Жылжымайтын мүлікпен операцияларын жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
- Шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, ақша айырбастау орындары;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге ұшақтар ұша бастайды. Рейстер санитарлық талаптар күшейтіліп, аз жолаушылармен ұшады және бортта арақашықтықты сақталуы тиіс.
Қазақстанда 29 сәуір 18.00-дегі мәліметке сай, елде 3105 адамға вирус жұққан. 798 адам жазылған. 25 адам қайтыс болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созған. Бірақ карантин шаралары біраз жеңілдеген.
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.
Abai.kz