Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2878 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 22:15

Әділ ДҮЙСЕНБЕК. ҚАЙТСЕК АСТАНА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ?

Мен Астанаға алғашқы болып қоныс аударғандар қатарынанмын. Өз еңбек жолымды бастаған “Егемен Қазақстан” газеті жаңа елордаға көшетін болды да, бір¬не¬ше қызметкерлермен бірге маған да ұсыныс жасалған еді. Мұндай сәттіліктен қалайша бас тарта алмақпын, бірден келіскенмін. Сөйтіп, 1999 жылдың арқыраған ақпан айында Арқа төсіне ат басын тіреген болатынбыз.
Әуелгі кезде екі не¬ме¬рем мен келі¬нім бәріміз редакция сатып әпер¬ген екі бөлмелі үйде тұрдық. От¬ба¬сымның басқа мүшелері (зайы¬бым мен ұлым) қызмет бабына байланысты әлі ауыса қоймаған¬дық¬тан, мұндағы майда-шүйде тірліктің бәрін өзім атқаруыма тура келді. Үй шаруасы бітуші ме еді, тәйірі, бірінен соң бірі шы¬ғады да жатады. Соның ішіндегі ең қиыны да күрделісі – келер жылы оқуға баратын немеремді мектепке даярлау болды. Алматыдағы сияқ¬ты мұнда да мектепке дейінгі ме¬ке¬мелер аз емес екен. Тіпті, кез кел¬ген білім ордасы да жұмыс істейді десе де болғандай. Бірақ бәрі орысша. “Қазақшасы жоқ па?” десең, не айтып тұрсың деген¬дей бетіңе ажырая қарайды. Қаладағы бала-бақшаларды түгел аралап шықтым, бірде-біреуінде қазақша бөлім түгіл, топ та жоқ. Бәрі ресми тілде.

Өстіп жүргенімізде бірде “Шет жақтағы шағын ауданда жаңадан қазақ мектеп-гимназиясы ашыл¬ға¬лы жатқан көрінеді, басшысы Қасымбек деген қандасымыз көрі¬неді” деген сыбыс естіп, жетіп бар¬дым емес пе! Келсем, дирек¬тор¬дың кеңсесінде мен сияқты төрт-бес ата-ана бас қосып, ақыл¬дасып отыр екен. Олардың бәрі сол маңда тұратын бұрынғы алма¬тылықтар болып шықты. Бір-бірімізді қолдап, қуаттап гимназия жа¬нынан тұңғыш рет әзірлік то¬бын ашпақ болып келістік. Обалы не керек, Қасымбек қарында¬сы¬мыздың өзі көмек қолын созба¬ған¬да, біздің бұл бастамамыздан түк шықпас па еді. Кадр жоқ, орын жоқ демеді, бірден келісті. Осылайша қазір қазақ мектебінің тоғызыншы сыныбында оқитын Айбарымды мен жыл бойы әлгі жаңадан ашылған даярлық тобына жетектеп апарып жүрдім.
Шүкір, бұл күндері Астанада қазақ мектептері жоқ деп айта алмаймыз. Даярлық бөлімдері мен топтары да бірінен соң бірі ашы¬лып жатыр. Қазақша үйренем, өз ана тілімде білім алам деушілерге барлық мүмкіндік бар. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген көзқарастары мен құлшыныстары да көңілге үміт ұялатады. Бұл ба¬ғыт¬та көптен айтылып, қолға алы¬нып жатқан – шетелге білім алуға баратын жастарды іріктеуден бас¬тап, мемлекеттік қызметке ма¬ман¬дар алуға дейінгі аралықта атқары¬лып жатқан шаралар өз жемісін бере бастағаны белгілі. Мұның бәрі дұрыс қой.
Әйтсе де біз егемен ел, тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік ерекше¬лі¬гіміз бен бет-бейнемізді барынша баянды ете түсу үшін бұдан да көп жұмыс істеуіміз керек. Қазақ тілі тек жоғарыда айтылған шаралар¬мен ғана жанданып кетеді деп айту қиын. Оның аясын ба¬рын¬ша кеңейте түс¬ке¬ні¬міз жөн. Көшеде, халық көп шоғырланған жерлерде, жал¬пы Қазақстан бойынша тілімізді қайтсек қолданысқа кеңінен енгізе аламыз? Әрине, ол үшін қажеттілік болуы керек. Демек осындай ха¬лыққа қызмет көрсететін жерлерде жұмыс істейтін мекемелерге жер¬гілікті ұлт өкілдерін көптеп тар¬тып, олардың бәрінің тек мем¬лекеттік тілде сөйлеуін талап етуіміз керек.
Бұл бағытта тағы бір мысал келтіре кетудің артықтығы бола қоймас. Осыдан біраз бұрын сә¬билі болдық та, келінім бірер жыл¬дан кейін қызметіне қайта шық¬қан  сол кезде ауылда жұмыс¬сыз жүрген жиен қарындасыма қолқа салдық. “Күндіз балаға қара¬саң, кешке қарай оқуға түсуге әзірленесің” дедік. Өзі ықылас біл¬дірген соң, ата-анасының келісі¬мі¬мен қолымызға алдық. Сол қарын¬дасым Астанаға келгенде орысша “құқ” демеймін. Қатты қуандым, немерем қазақша қатырып сөйлей¬тін болды деп. Алғашында бәрі дұ¬рыс сияқты еді. Немерем былды¬рап қазақша бірдеңкелерді айта бастаған. Оған бәріміз мәз болып, тақпақ та жаттатып жүргенбіз.
Сол немерем аяғынан тұрып, далаға аттап басысымен-ақ аяғы¬нан жаңылған аттай болып шыға келді. Мені “дед” деп, әжесін “ажеш¬калайтын” болды. Жиен қарындас та шатып-бұтып орыс¬ша¬лайтын өнер ашты. “Әй, қазақ¬ша сөйлемейсіңдер ме, саған не бол¬ды?” десем, “Енді қайтем, ай¬на¬ламның бәрі орысша, қазақша айт¬саң тіл қатпайды” деп қарап тұр.
Міне, ортаның тілді “оқы¬ту¬дағы” рөлі мен орнын осыдан-ақ байқауға болады. Егер біз жоға¬рыда айтқанымыздай, қоғамдық орындарда – кинотеатрларда, жо¬лаушылар таситын көлікте, дү¬кендерде, банкте және т.б. жер¬лер¬де қазақша сөйлеп, қызмет көрсе¬тетін болсақ, қалың көпшілік бір¬те-бірте соған бейімделіп, мемле¬кет¬тік тілді өздері-ақ үйреніп кет¬пес пе еді. Қазақстанда бәлен жыл¬дан бері тұрып, дүкеннен нан сатып алатындай қазақшасы жоқ өзге ұлт өкілдерінің қазіргі тірлігін мен осы қажеттіліктің жетіспеушілігінен деп білемін.
Сондықтан да, тағы да қай¬талап айтамын, қаладағы дүкен¬дер¬ден бастап, қоғамдық көлік жүр¬гізушілеріне дейін қазақ тілін бі¬летін болуы және олардың бар¬лығынан тек мемлекеттік тілде сөйлеулерін талап етуіміз керек. Сонда Астана өзінен өзі-ақ қазақша сөйлеп кететін болады...

Әділ ДҮЙСЕНБЕК, жазушы. Астана.
«Егемен Қазақстан» газеті 24 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5492