Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4461 2 пікір 30 Сәуір, 2020 сағат 13:36

Егер үкімет ештеңе істемесе, диқандарға өзіміз көмектесейікші

Егер үкімет ештеңе істемесе, Ауылшаруашылық министрінің қолынан түк келмесе, диқандарға өзіміз көмектесейікші. Əлеуметтік желіде құр отырмай диқандар үшін пайдалы іс істейікші. Маған бір идея келді. Арыс оқиғасында халыққа көп көмегі тиген Шымкентте еті тірі, халыққа жақын жігіттер бар еді ғой. Солар диқандардың капустасын диқанмен бірге əр облыс орталығына апаруын ұйымдастырса екен.

Себебі, диқандардың көпшілігі Жетісайдан, Сарығаштан шықпаған. Үлкен қалаға еккен өнімін апаруға қорқады əрі жолын білмейді. 250 мың тонна капуста көп қой. Əр қалаға екі-үш КамАЗдан жіберу керек шығар. Білмеймін, енді ол жағын есептеу керек. Оңтүстіктен баратын кісілерге əр қаладағы жергілікті белсенді жігіттер көмектессе екен. Сосын əлеуметтік желі арқылы КамАЗ қаланың қай жерінде тұрғанын жазса екен. Бəріміз сол хабарды əлеуметтік желіде таратсақ. Таратып қана қоймай 10-20 капустадан алсақ. Идеям қалай?

Үкіметтен еш қайыр болмаса, солай етейікші. "Стеклянный замок" фильмінде жасөспірім қыз Джаннетт бауырларына "Бұлардан бізге пайда жоқ. Олар бізге қамқор бола алмайды. Біз бір-бірімізге қамқор болуымыз керек" дейді ғой ата-анасын нұсқап. (Джаннетт Уолсстың "Замок из стекла" кітабының желісімен түсірілген фильм ғой. Кітабы да ұнаған)
Джаннетт айтпақшы, үкіметтен қайыр жоқ болса, өзімізге өзіміз қамқор болайықшы.

Сосын ұйымдастырған жігіттердің еңбегін пайда тапқан соң диқандар төлесе екен. Себебі, еңбектің өтемі болу керек.

Аягүл Мантайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965