Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 12550 19 пікір 3 Мамыр, 2020 сағат 22:46

Қытай қорғанын кімдер салды?

Қытай қорғандарының ең ескі бөлігінде оқ ататын тесіктер Қытай жаққа қарап тұрғаны ғалымдарды таңдандырған, оны қытайлар «мемлекеттегі халықтың бүлігінен сақтану үшін жасаған» деп түсіндіреді. Шындығында солай ма? 

Қытай халқының ата-бабалары Орталық Қытайға ең алғаш өте ежелгі замандарда жетті. Ол кезде Орталық Қытай аумағы батпақты, қалың ну орман болғанын, онда жүнди (жүнді) халықының әртүрлі тайпалары мекендегенін, мұны тарихи жазбалар айғақтайтының француз тарихшысы Марсель Гране атап өтеді. Қытай деректеріне сүйенсек, б.д.д. ІІІ мыңжылдықтан бастап, б.д.д. ІІІ ғасырға дейін Орталық Қытайдың солтүстігі мен батысын алып жатқан таулы аймақты «жунди» халқы қоныс еткен.

Тянь-Шянь қалай пайда болған?

Таулық жүнділердің төмендегі алқаптарда отырған қытайларды билеп-төстегені жайында нақты деректер бар. Қытай жылнамаларында жүнділердің 13 тайпасының аты аталады. Шыңжандағы юэчжи тайпасы да (үйсүндер) жүнді халқынан екенін ескерсек, онда жүнділер кем дегенде 14 тайпалы халық болғанын аңғарамыз (1). Жүнділердің солтүстігіндегі құрғақ далада хунь (хоңыр) халқы, ал оңтүстігі мен шығысындағы төменгі алқаптарда қытайдың арғы бабалары отырды. Жүнділер күн сәулесі түсе бермейтін қалың орманды, тұманды, таулы өлкеде мыңдаған жылдар бойы отырғандықтан көздері көк, шаштары қызыл болып қалыптасқан (ертеден күн көзі кем, бұлтты, орманды өлкелерді мекендеген көк көзді, сары шашты орыс, латыш, эстон, швед, беларус ұлттары тәрізді). Сонымен қатар барша тау халықтары сияқты, жүнділердің келбеттері жүндес болған (кавказдықтар тәрізді). Осы себептен далалық хоңыр (хунь) халқы оларды «жүнді» деп атаған. Яғни, тау халқы дала халқын «хоңыр» (хунь) деп атаса, дала халқы тау халқын «жүнді» деген.

Жүнділер таудың алып құсына сыйынған, оны қазақтар «тазқара» деп атайды (парсы-тәжікше – симруг). Таудың биік шыңдарын мекендейтін осы құсты жүнділер әуелде «тәні ірі» (мағынасы ­– алып денелі) деп атады. Жүнді-юэчжилердің сол құсты тәңір тұтқанын грек деректері растайды (Тохарстан княздігін орнатқан юэчжилер жайлы деректер). Осы «тәні ірі» құсқа табыну дәстүрі кейін «аспан құдайы тәңірі» сеніміне ұласқан. Жүнділердің ата-мекені болған таудың Тәңір Шыңы деп аталуы сөзімізге дәлел. Ол тауды Тянь-Шянь еткен «р» дыбысы жоқ қытай халқы, оның қытайша мағынасы да ­– аспан құдайының тауы.

Таудағы қорғанды жүнділер тұрғызған

Қазақта арабтық «дін» сөзінің мағынасына жақын «діл» деген сөз бар. Қытайлардың кей деректері жүнділерді «ди» және «жун» деп екі топқа бөліп көрсетеді. Жүнділік тайпалардың Тәнірі-тәңірі сенімін ұстанғандарын оны ұстанбайтын тайпалар «діллі» деп атаған тәрізді («діні барлар» деген мағынада). Осы «діллі» жүнділерді қытай жазбалары «ди» деп көрсеткен десек, қателесе қоймаймыз. Сол діллі жүнділер ықпалымен қытайлар да «тәңірі» сеніміне көшкенін және «тәңірі» атауы «аспан құдайы» деген мағынаға ие болғанын қытайдың ежелгі сенімдері жайлы деректер айғақтайды. Қытайлар «р» дыбысы жоқтығынан «тәңірі» атауын «тянь» деп өзгертіп қабылдаған (2). Ол ­– атаудың тау құсымен байланысы үзілген заман, сол себептен қытайларда айдаһар бейнесі таңба ретінде сақталып қалған.

Кейін қытайлық шағын княздіктер бірігіп империяға айналғанда, Қытай империясы таудағы ержүрек жүнділерді жеңіп екіге ыдыратқаны, жүнділерді таудағы берік тас қорғандары да құтқара алмағаны деректерде айтылады. Қытай қорғандарының ең ескі бөлігінде оқ ататын тесіктер Қытай жаққа қарап тұрғаны ғалымдарды таңдандырған, оны қытайлар «мемлекеттегі халықтың бүлігінен сақтану үшін жасаған» деп түсіндіреді. Шынында, таудағы қорғандарды салған жүнді халқы, олар күшейе бастаған Қытай империясынан қорғану үшін сол қорғандарды тұрғызған, оның оқ ататын тесіктері төменде жатқан қытайларға бағытталуы сондықтан. Қытай империясы хунь (хоңыр) халқынан (Хунь империясынан) қорғану үшін тауларда жүнділер тұрғызған қорғандардың арасын қосып, қазіргі біз білетін Ұлы Қытай қорғанын тұрғызды.

Жеңілген жүнділердің үлкен тобы б.д.д. ІІІ ғасырда батысқа, Орта Азияға кетсе (арын-арғын тайпасы бастаған діни сенімі жоқ бөлігі), екінші динлин-діллі тобы солтүстіктегі қоңыр халқы (хунь) аймағына барған (кейін деле-теле деп аталған көп рулы ел). Ал үшінші тобы солтүстік шығыстағы «ху» тайпасы аймағына кеткен (оларды да арын-арғын династиясы бастаған). Жүнділердің өз отанында қалғаны ­– Шыңжандағы юэчжи-ошақ тайпасы мен Тибетте отырған жүнділер. Тибеттегі жүнділер кей қытай жзбаларында «динлин» деп көрсетілгенін Лев Гумилев жазады. Тибет жүнділері кейін буддизм діні арқылы тегі қытайлық этностарға араласып, тибет ұлтын қалыптастырды. Қытай империясы аймағында қалған жүнділерде жеті тайпадан құралған Байды одағы бары көрсетілген. Олардың көбі кейін қытайларға сіңіп жойылғанымен, бір бөлігі б.з.д. I ғасырда Орта Азиядағы Үйсүн империясына барып қосылғаны анық (Ошақты тайпасының байлы руы және кіші жүздегі байлы тобындағы кей рулар болуы мүмкін).

Шекті руларының шежіресі

Хунь-қоңыр елі отырған солтүстіктегі құрғақ далаға кеткен жүнділер тарихқа «динлины» болып енді. Олардың рулық құрамында хэгу-қырғы руы (қырғыз, башқырдың аталары), ухэ-уақ руы (қазақтың уақ тайпасының арғы аталары), байэги (жоғарыда айтылған байлы рулық одағының бір бөлігі болуы мүмкін) кездеседі. Кейінгі тарихта діллі-динлины «деле» немесе «теле» деп көрсетіледі, осы нақты дерек олардың дұрыс атауы «динлин» емес «діллі» екенін байқатады (3).

Ал енді жүнділердің Тәнірі-тәңірі сенімін ұстанбайтын қалған үлкен бөлігін Арын деген династия билегенін нақты тарихи деректер дәлелдейді. Қазақша «арын» сөзінің мағынасын «арынды» немесе «екпінді» сөздері ашады (орысша – напористый немесе сверх активный). Қазіргі Шыңжан аймағынан барып Орта Азияда Парфия патшалығын орнатқан Аршак-Араншах династиясы (Арсақ-Арынсақ). Бүгінгі Корея аймағын жаулап алып, онда кәріс деген халықтың негізін қалыптастырған «хуаре» (ху-арын, яғни «ху» мен «арын» атауынан) тайпасы, жапон халқына ежелде сіңісіп кеткен айн (арын) атаулы ел сөзімізге дәлел.

Жүнділердің Амур өзені аймағына барып орныққандарын да Арын руы билегендіктен, ол жүнділер қоңыр-құң (хунь) халқына «арқұң» атауымен сіңгенін ондағы өзеннің «Аргунь» деген атауынан байқауға болады. Осы жүнділік рулардан құралған арын-арқұң тайпасы кейін Арғын деп аталып кеткен. Мысалы, таз руының арғын тайпасымен қатар, үйсүндік ошақты тайпасының да құрамында болуы бекер емес. Ошақты тайпасы қытай жазбасы юэчжи деп көрсететін ежелгі ошақ тайпасының нақ өзі. Ал юэчжи-ошақ тайпасы жүнді халқына жатады және қытайлар Ю-сун деген атау берген княздік әуелде сол тайпаның жерінде пайда болған (Үйсүн атауы сол Ю-сун княздігі атауымен қалыптасқан). Демек, жүнді халқының таз руының бір бөлігі арын династиясы бастауымен Амур өзені аумағына кетсе, екінші бөлігі юэчжи-ошақ тайпасы жерінде пайда болған Ю-сун княздігі (Үйсүн) құрамына кіріп, кейін ошақты тайпасына ру болып сіңген.

Шыңжандағы кішігірім таулық Үйсүн (Ю-сун) княздігі Орта Азияда алып Үйсүн империясын (Кушан империясы) орнатқан заманда, билеушілердің өзара тақ таласынан б.д.д. I ғасырда Теңіз (Каспий) маңына кеткен таз руынан кіші жүздің қазіргі таз тайпасы қалыптасқан. Бұл туралы Үйсүн-Юэчжи елі жайлы мақалада айтып өткенбіз. Сонымен қатар Арғын тайпасындағы шақшақ руы мен ұлы жүздегі шақшам тайпасы арғы тегінде жүнді халқының шақша деген руынан, ал арғындағы жоғарғы шекті мен төменгі шекті рулары, кіші жүздік әлім тайпасындағы шекті руының арғы тегі жүнділік шекті руынан тарады дегеніміз дұрыс.

Парфия патшалығын орнатқан Арын-арғын династиясы

Қытай деректері «батысқа кетті» деген жүнділер б.д.д. III ғасырда Орта Азияны жаулап алған, оларды бастап барған «арын» деген тайпа екен. Иран халқы қазіргі Түркменстан аймағындағы сақтарды «парны» (иран тіліндегі мағынасы­ – арғы жақ) деп, аймақтың өзін ертеден «Парфие» деп атағаны белгілі. Сондықтан ол аймақта жүнділер орнатқан мемлекет тарихқа Парфия деп енді. Яғни, қытай жазбалары «б.д.д. ІІІ ғасырда батысқа кетті» деген жүнділер сол тұста Орта Азияны жаулап алып, Парфия патшалығын орнатқан (4). Көп ұзамай қазіргі Иран аймағы мен Закавказье де осы патшалыққа бағынды.

Грек-иран деректеріне сүйенген ғалымдар Парфия билеушілерін «Аршак» немесе «Аршакиды» династиясы деп таниды. Осы династяның Закавказьедегі тобы «Араншах» деп көрсетіледі. Бұл дерек «аршак» сөзі «араншах» атауының қысқармасы екенін айғақтайды. Ал қытай жазбаларында Парфия патшалығы «Анси патшалығы» деп кездеседі. Қытай деректері «сақ» халқын «си» деп көрсететінін  және оларда «р» дыбысы жоқтығын ескерсек, онда «Анси» атауы дұрысында «Арынсақ» болады. Бұл «араншах, аршак, арынсак» атаулары Парфияны билеген Арын династиясы екенін аңғартады.

Жүнділер әуелі Орта Азиядағы сақ халқын бағындырып Парфия патшалығын орнатты, ал иран халқы ортаазиялық тайпаларды жаппай «сак» деп атайтын. Бұл жазбадан Иран халқы Парфияны орнатқан жүнділік Арын тайпасын сак халқынан деп түсінетінін, оларды сол себептен «арансак» деп атағанын көреміз (5). Ал осы атау Закавказьеде «араншак» болып қалыптасқан. Сондықтан Парфия патшалығын орнатқан – жүнді халқы, оны билеген Арын (арғын) тайпасы деген жөн.

Б.д.д. ІІ ғасырда Парфия патшалығының Орта Азия аймағын Шыңжаннан келген юэчжилер басып алып, ол жерде Үйсүн империясы орнады (Кушан патшалығы). Парфия патшалығы негізінен қазіргі Иран аумағын ғана сақтап қалғандықтан, ирандықтар мемлекеттің негізгі халқына айналды. Парфияны билеген жүнділік династия қол астындағы иран халқына сіңіссе, иран халқы мемлекеттің «Парфия» атауы ықпалымен «парсы» деп атала бастады. Алайда, Парфия билеушілерінің түркі тілділер екені анық дерек (6).

Армиян ұлты мен арын-арғын династиясының байланысы

Закавказьені билеген арын-араншах династиясы армиян халқын қалыптастырғаны жайында армияндар туралы мақалада толық айтып өттік. Өзінің тарихын тереңде деп санайтын қазіргі христиан дінді армиян халқы парфияндық арын-арғын династиясы (аршак-араншах) билігімен қалыптасқан. Сол себептен олардың әуелгі христиандық жазбалары түркі тілінде сақталған. Оны қыпшақ тілді деп таниды, яғни ол тілдің оғыздық емес, қазақ тіліне жақын екенін мойындайды.

Корей мен Арын династиясының байланысы

Шығыстағы ху халқы отырған аймаққа кеткен жүнділерді де алға бастаған Арын-арғын тайпасы. Алдымен ху халқына аздап тоқтала кетейік, ху мен хоңыр (хунь) халықтары көршілес отырды. Шығысындағы айлакер көршісіне «қу» атауын берген хоңыр (хунь) халқы болуы мүмкін. Қытай аңыздарында ежелгі Ся елінің солтүстікке кеткендері де бар екені айтылады. Солтүстікке кеткен Ся елі ондағы ху халқымен араласып, Сяньби халқын қалыптастырған. Ху халқының өзі ол заманда Дунху (шығыс ху) деп аталатын. Лев Гумилев қытайға қатысты деректерінде сяньби мен дунхулар өзара туыс екенін жазады. Дунху ұрпақтары корей мен жапон ұлттары деп білеміз. Ал сяньби ұрпақтары қазіргі халха-маңғолдар екені мәлім. Корей, жапон, маңғол тілдері өзара өте жақын екені және олардың тілдік қорының үлкен бөлігін қытай сөздері құрайтыны біздің сөзімізді салмақтай түседі.

Сяньби халқы 500 жылдай Хұң (хунь) империясы құрамында болды. Қазіргі маңғол тілінде кездесетін қазақы сөздер – сол заманда сяньбилер тіліне енген хұң (хунь) сөздері. Маңғол тіліндегі қазақ сөздері бұл екі ұлттың туыстығын білдірмейді, ол сөздер сяньбилерді 500 жыл билеп-төстеген хунь халқы қазіргі қазақтар екенін дәлелдейді.

Қытай жазбасында «Жүнділердің бір бөлігі б.д.д. ІІІ ғасырда ху халқына барып қосылды» деген жол бар. Сол ху халқына барып қосылған жүнділер 300 жылда бес тайпалық жеке ел қалыптастырған. Өйткені, б.з. І ғасырда қазіргі Манжурияның шығысында когурё деген бес тайпа одағы тарих сахнасына шықты (7). Оның дұрыс атауы – хуаре, билеушілері Арын тайпасы болғандықтан олар «хуаре» деп аталған (ху-арын, яғни ху мен арын атауларынан пайда болған). Корея тарихында олар «когурё» және «хукогурё» атауларымен көрсетіледі. «Хуаре» атауы Кореядағы жергілікті этностар тілінде «когурё» болып өзгеруі мүмкін.

Қытай деректері бес тайпалы когурё (хуаре) одағы ІІ ғасырда қазіргі Солтүстік Корея аумағын жаулап алғанын, кейін әрі қарай оңтүстікке өз ықпалын жүргізе бастағанын айғақтайды. Кейін ІХ ғасырда когурё атауы «корё» болып өзгеріп, орнықты. Осылайша Корея атауы қалыптасып, ол аймақ халқы корей деп аталып кетті. Қытай жазбаларымен сақталған деректер бес тайпалы когурё (хуаре) одағы адамдары ірі денелі, қарулы болғанын, мемлекеттік жүйесі мен мәдениеті сяньбилерден анағұрлым жоғары екенін, киімдері жібек пен алтыннан тоқылатынын, қару-жарақтары қытай мен хұңдардан (хунь) кем түспейтінін баяндайды. Осы құжат ол мемлекетті орнатқандардың арғы тегі ежелде қытай халқын билеп-төстеген ержүрек жүнділерден екенін байқатады. Корей тілінде аз кездеспейтін қазақы сөздер бес тайпалы когурё-хуаре елін қалыптастырған жүнділік Арын тайпасынан қалды деген тұжырым жасауға әбден болады.

Арын тайпасы мен жапондардың қандай жақындығы бар?

Жүнділік Арын тайпасының қазіргі Жапонияға жақын аймаққа орныққандары айн ұлтын қалыптастырған. Арын атауы «р» дыбысы жоқ қытай ықпалымен «айн» болып өзгерген (жапон мен корей ұлттарына қытайлықтар көп сіңгендіктен, олардың сөздік қорының 40 пайызы қытай сөздері болып табылады). Айн-арындар айдаладағы аралдарды, яғни жапанда жатқан аралдарды мекендейтін халықты «жапан адамдары» немесе «жапандар» деп атағаны, осы атаумен жапон ұлтының атауы қалыптасқаны анық.

Ертедегі айн адамдарының беті жүндес болғанын жапон жылнамаларынан білеміз. Осы дерек айндар жүнді халқының Арын тайпасынан қалыптасқанын аңғартады. Айн халқы жапондарға сіңіп өз тілдерін толық жоғалтқан, олардың арғы тегі белгісіз саналады. Дегенмен, жапон тіліндегі қазақы белгілер солардан енген десек, қателеспеген болар едік. Сол аймақтағы «Сахалинск» атауы дұрысында – Сахалық (саха тайпасы, яғни якут тайпасы отырған аймақ), «Курилск» атауы – Құрлық, ал «Камчатка» атауы, дұрысында Кәмшәт (кәмшәт аңы мекендейтін аралдар) болған.

Қалай болғанда да жапон, корей және маңғол тілдерінің өзара жақын туыстығы олардың арғы тегі ху халқынан тарайтынын дәлелдейді. Ал олардың тілдерінде кездесетін қазақы сөздер ежелгі жундилер (жүнді) мен хуньдардан (хұң-қоңыр) енгені түсінікті.

Ал Амур өзені аймағына барған жүнділік Арын тайпасы құң (хунь) халқына сіңісіп, «арқұң» деп аталып кеткенін айттық. Сол арқұң (архунь) тайпасы Құң (хунь) империясы жойылған І ғасырда құң халқымен бірге батысқа ығысып, қазіргі Қазақстанға орныққан және қазақтың бүгінгі Арғын тайпасы солар екені сөзсіз. Олардың сол заманда Солтүстік Кавказға барып орныққандарынан қалған белгілер – Кавказдағы Аргунь өзені мен Аргунь-каласының атауы.

Дағыстандағы түркітілді дарғын ұлты да солардан қалыптасқан. Өйткені, Дағыстан атауы «Тағыстан» дегеннен қалыптасқан (жабайы дінсіздер елі деген мағынада), олай атаған христиан дінді құмықтар болуы мүмкін. Христиандар өзге дінділерді әу бастан «тағы, жабайы» деген (ХІ ғасырға дейін құмықтар христиан дінді болғанын және қазіргі Азарбайжан жерін мекендегенін араб тарихшысы Әл Масуди жазған). Христиан құмықтар Солтүстік Кавказдағы арқұң тайпасын «тағы арғын» деп атады, осы атау кейін «дарғын» болып орнықты.

Венгрияға ІХ ғасырда барған мажарлар да Кавказ маңынан қоныс аударғаны белгілі. Мажар руы қыпшақ тайпасымен қатар арғын тайпасы құрамында да барын тарихшылар жазып көрсетеді. Венгрияға барған мажар руы арғын тайпасынан деу орынды. Өйткені қыпшақ атаулы ел-тайпа тарихи деректерде ең алғаш тек IX ғасырда бой көрсетеді, онда да ол қазіргі Маңғолия аумағында болғанын көреміз. Сонда да Ресей империясы Венгрияға барған мажарлар қыпшақ тайпасынан дегізді, өз өтіріктерін Венгриядағы «кунзак» атауларын «кыпшак» деп түсіндірумен дәлелдеп бақты. Олар Венгриядағы «Кунзак» атауы мен Дағыстандағы аварлар елінің «Хунзах» атауы туыс екенін, «Кунзак» атаулы жерлер Венгрия аймағында VI-IX ғасырларда болған Авар қағанатынан қалғанын, абарлар Тарбағатай аумағынан Кавказға IV ғасырда барғанын, олардың үлкен тобы VI ғасырда Европаға барып Авар қағанатын орнатқанын және сол абар тайпасының Құңзақ (хунзах) халқынан екенін айтпайды. Керісінше, Дағыстандық аварлар мен құң-хунь халқының абар тайпасы өзара еш байланысы жоқ деумен болды. Хунзах атауының авар тілінде «хунь жері» деген мағынасы барында елемеді. Олар Хунзах-Құңзақ елінің атауы кейін Хазах-Қазақ болып қысқарып қалыптасқанын, яғни Қазақ халқының әуелгі атауы Құңзақ екенін қазақ тарихшылары түсініп қоярынан қорыққан болар. Ресей империясы өзара ұқсастығын пайдаланып, тарихи жазбалардағы Қазақ атауларын бұрмалау үшін «Қыпшақ» атауын қолданды. Олар Грузия аймағында VII ғасырдан болған Қазақ елін араб-грузин жазбаларынан «қашақ» деп аударып, оның дұрыс аталуы «қыпшақ» деп сендірді. Осылайша, қазақ халқын құрамындағы көп тайпаның бірі ғана болатын «қыпшақтан туған» етіп тынды. Былайша айтқанда «әкесін немерелерінің бірі туғызғандай» етіп бұрмалады. Соған шынымен сенетін кей тарихшылар бар болар, әрине олар руы қыпшақ болғандықтан Ресейлік өтірікке сенуді жандары қалауы мүмкін. Бұл рушылдықтың ұлтшылдықтан басым болуынан туындаған кесапат. Біздің даланы иран елі «Дешди Кипшак» деп атаған деді, алайда парсы Фердауси XI ғасырда біздің жерде Қазақ халқы барын және оны билеген Қазақ Хандары екенін жазады (8). Ресейлік бұрмалаулардан таза арабтық Ибн әл Асир, Ибн Батута жазбаларыда біздің далада Қыпшақ деген ел барын көрсетпейді. Олардың орысша аудармаларында біздің дала халқы «түркілер» деп көрсетіледі, олардың арабтық түпнұсқаларында ел атауы «қазақ» деп көрсетілген болуыда мүмкін. Оны қазақтың араб тіліне жетік жігіттері өз беттерімен зерттесе ғой. Өйткені араб жазбасында «С», «Қ», «З» тәрізді әріптердің бірнеше жазылу нұсқалары бар және өзгеде араб әріптері жазылуларында бір-біріне ұқсас болып кетеді (арабшадағы «казак» атауының өзін «турк» деп бұрмалап аудару мүмкін екенін алдыңғы мақалаларда көрсеткенмін). Кей жері өшкен ескі жазбаларда ондай жағдайлар өте көп болуы мүмкін, оның үстіне біздің дала тарихы жайлы деректерді арабшадан аударған «қазақ тілінен мақұрым» орыстар болды ғой. Араб жазбаларындағы біздің далаға байланысты атаулардың мағынасын Қазақ ғалымы ғана аша алуы заңдылық. Сондықтан ертерек Әл Масуди, Ибн әл Асир, Ибн Батута жазбаларын тікелей түпнұсқадан қазақша аударуды қолға алса керек. Болмаса Ресейшіл кей тарихшыларымыз аздай, енді Қытайдан келген кей бауырларымыз Шыңғысхан тарихын бұрмалау үшін жасалған жалған қытайлық жазбаларды насихаттап жатыр, тіпті соларды қазақшаға аударуға атсалысып  жатыр. Алтын Орда аймағын толық аралап өткен және ондағы Шыңғысхан әулетінен болған билеушілердің мұсылман дінді Түркілер екенін көрсеткен, сонымен қатар сол заманда Қытайды билеп отырған Шыңғысхандық әулеттіңде мұсылман дінді әрі түркітілділер екенін өз көзімен көргенін жазған Ибн Батута жазбасын елейтін Тарихшымыз табылар емес. Бүкіл европалық ғалым тарихшылар бір ауыздан Ибн Батута жазбасы «ШЫНШЫЛ» деп мойындайды, ал біз әліде «ұйқыдан ояна алар» емеспіз.

Біздің халықтың қолдарына ұстап «шежіреміз» деп жүргендеріде шын мәнінде арғы түпнұсқасында араб әріпті болғаны анық факті. Алайда оларды кирилицаға аударып берген Ресейлік мамандар екені де даусыз. Қазақ тарихын жоспарлы түрде бұрмалау үшін «Ибн Фадланның Еділге саяхаты», «Махмуд Қашқари жазған», «Рашид ад динн жазған», «Дулати жазған» делінетін жалған жазбаларды дайындатқан Империя біздің шежірелерімізді де түпнұсқасынан өз мүделеріне сай етіп өзгертіп аударып беруі заңдылық. Олардың «шынайы» екеніне сенуіміз үшін оларды «Шәкәрім шежіресі» деп, қазаққа беделді адамдар жазған етіп сендіргені түсінікті. Осындай бұрмалаулар себепті ежелгі арғын, қаңлы (кангю), онұйшибөрі (нушиви), найман, ошақ, албан, сыбан, абар, дула, шымыр, шеркеш, беріш (бурч), маңғы (маңғыл, маңғыт), адай (дай), қоңырат, қыпшақ тайпалары мен қазіргі қазақтың солар аттас тайпаларының тікелей туыстығына сене алмаймыз. Өйткені қолда бар шежірелер тайпаларымызды ары кетсе Шыңғысхан заманында пайда болды етеді.

Демек, қазақтың Арғын тайпасы Парфия патшалығын орнатқан даңқты Арын династиясының үзілмеген жалғасы болып табылады. Парфия патшалығын орнатқан Арын тайпасы мен құң (хунь) халқына сіңісіп кеткен Арын-арқұң тайпасы арғы тегінде бір тайпа, ол – жүнді халқынан шыққан билеуші тайпа. Ол тайпаның үзілмеген жалғасы қазақтың қазіргі Арғын тайпасы деуге толық негіз бар.

Қосымшалар:

1 - «Были попытки отождествить «жунов» с «хуннами», но мы видим, что всюду в источниках «жуны» выступают совместно с «ди», так что их, может быть, правильно Бичурин трактует в своем переводе как единый народ «Жун-ди». Вопрос об «Усунях» весьма сложен. Разногласие возникло из-за того, что Успенский считал «жунов» тибетцами, тогда как на самом деле это был особый народ, а «Усуни» произошли от «Жунов». (История народа Хунну. Л.Гумилев)

2 - «Период Восточное Чжоу, в свою очередь, разделяется на два периода: Чуньцю  (VIIIV вв. до н. э.); Чжаньго (VIII вв. до н. э.). В период Восточного Чжоу власть центрального правителя — вана, сына Неба (тянь-цзы), правящего Поднебесной по Мандату Неба (тянь-мин), — постепенно ослабла. Присоединив одно за другим соседние царства, в 221 до н. э. правитель Цинь — будущий император Цинь Ши Хуан — объединил весь Китай под своей властью. При Цинь Шихуанди были соединены оборонительные стены (валы) северных чжоуских царств и создана Великая китайская стена». (История Китая)

3 - «Динли́ны или Телэ — древний народ Южной Сибири и Монголии, упомянутый впервые в китайском описании завоеваний хуннского шаньюя Модэ около 202 до н. э. Этноним динлин продолжает использоваться, но одновременно возникают и используются другие транскрипции и переводы. Одним из них является гаочэ («высокие повозки»), другими — дили, тэлэ, чилэ, чжилэ и телэ. Источники недвусмысленно подчеркивают кочевой хозяйственно-культурный тип и тюркоязычие динлинов. Несколько раз упоминается, что они говорят так, как сюнну, но с небольшими отличиями. В середине I тыс. племенная конфедерация динлинов включала и кыргызов (хэгу). Племен очень много. На востоке от Западного моря, по горам и долинам (живут) повсюду. Только на север от р. Ло имеются пугу, тунло, вэйхэ, баегу, фуло. На запад от Иу, на север от Яньци, по сторонам Байшаня имеются циби, боло, чжии, де, субо, нагэ, уху, хэгу, едеу, ниху и др». (История Динлин)

4 - «В результате пятивековой борьбы жуны были разделены на две части: основная была оттеснена на запад, к горному озеру Кукунор, а другая на восток, в горы Хингана, где и растворились среди восточных ху, затаив вражду против китайцев. В это же время вновь ожили и вернулись к активной исторической жизни народы западной части Степи. В 250г. до н.э. парфяне, возглавив иранское освободительное движение, выгнали из Мидии завоевателей македонян, а родственные им сарматы завоевали Скифию, т.е. причерноморские степи. Как будто каким-то мощным толчком были приведены в движение степные народы в середине III века до н.э. (История народа Хунну. Л.Гумилев)

5 - «После завоевания Персидской империи Александром Македонским, одна из групп сакских племён вторглась в пределы сатрапии Селевкидов Парфиены (III в. до н. э.) и сыграла значительную роль в образовании Парфянского царства. В китайских летописях Чжан Цянь Парфия и династия Аршакидов называлась Анси. Армия Парфии была сформирована при первых Аршакидах из нерегулярного племенного ополчения кочевых племен Центральной Азии. (Парфиянская Царство)

6 - «Напомню и то, что царями Армении являлись тюрки из рода Аршакидов. Я сам, своими глазами видел печать Аршакидов в Тегеране, их монеты и геммы, там четкие тюркские руны, они, по-моему, и ставит все по своим местам, их надо просто увидеть, хотя бы для того, чтобы судить о механизме складывающейся политики тюрков и армиян в III веке». (Дыхание Армагеддона. Мурад Аджи)

7 - «Китай удерживал территорию Южной Маньчжурии и Северной Кореи до 169 г.н.э., когда племя когурё отвовало земли древнего Цзосиона, т.е. Ляодун и Корею к северу от реки Тадонган до реки Туманьган. Это была конфедерация пяти племен. Источник специально отмечает военное искусство и телесную силу когурёзцев. Лишенные возможности расширять свои владения на запад, когурёзцы устремились на юг, в глубь Корейского полуострова.». (История народа Хунну. Л.Гумилев)\

 8 - «Большая часть Русских писателей пологает, что первые Казаки произошли или составилис у Татар, что у них же родилось название Казакь, и от них перешло ко всемь отраслям прежде бывших и ныне существующих казаковь. Мысл сию, к которой мы уже привыкли, опровергают Восточные Историки, утверждая, что Казаки составляли самостоятельный и независимый народ в отделеннейщих веках нашего леточисления. Некоторые даже относять их существования далее Рождество Христова. Достоверно то, что Фирдевси, или Фердуси, живщии около 1020 года, то есть: за два столетия до появления Монголо-Татар на запад, в Истории Рустема, упоминает о народе Казаках и Ханах Казакских. Из сочинении его и древнейщих летописей Персидских, которым он пользовался, известно, что Казаки древние, подобно поздейщим, прославили имя свое грабежами и набегами, что главное оружие их были копья. (А.И.Левшин. ОБ ИМЕНИ КИРГИЗ-КАЙСАКОВ.)

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371