Сенбі, 23 Қараша 2024
3537 6 пікір 5 Мамыр, 2020 сағат 15:28

ҚР СІМ: Өзбекстанға нота жолданбайды

Түркістан облысының елді мекендерін су басуға қатысты өзбек тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігінің нотасын жолдау мәселесі қарастырылмайды. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзбекстан Республикасы аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы және оның салдарынан Түркістан облысының бірқатар елді мекендерін су басу бойынша жағдай біздің Үкіметтің ерекше бақылауында.

Үстіміздегі жылғы 2 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескені және сұхбат барысында тараптар орын алған жағдайды нақты талқылап, екі ел үкіметі үйлесімді жұмыс атқаратыны туралы уағдаласқаны мәлім.

Су басу салдарын бірлесіп жою бойынша үкімет пен шекаралас өңірлер басшыларының тығыз өзара іс-қимылын назарға ала отырып, өзбек тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігінің нотасын жолдау мәселесі қарастырылмайды», - деді А.Смадияров.

Ресми өкілдің айтуынша, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстанның көршілес өңірлеріне жедел түрде сапар жасаған. Өзбек тарапымен қажетті келіссөздер жүргізіп, оның қорытындылары туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында баяндады.

«Өздеріңізге мәлім, Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Ертең ол Түркістан облысы мен Өзбекстанға бірлескен іс-қимыл алгоритмін пысықтау үшін барады.

Еске салайық, Өзбекстанда бөгеттің жарылуынан Түркістан облысының бірнеше елді мекенін су басты. 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Атқарылған жұмыстардан кейін су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне қайта бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатқаны айтқан болатын. 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364