Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Тұлға 27028 69 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 11:28

Б.Момышұлына «Халық қаһарманын» беруге болмайды! Неге?

Мен Баукеңді бұл атаққа лайық емес деп отырған жоқпын. Керісінше, ол атақ Бауыржан Момышұлының атына лайық емес. Баукеңе

«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БАТЫРЫ»

деген арнайы, ерекше атақ берілуі керек! Және оны кейінге қалдырмай, биылғы Жеңістің 75-жылдығында берсек тіпті дұрыс болар еді. Француздар Жанна д Арктен кейін Шарль де Голлді «Француздың Ұлттық Батыры» деп ресми таныды. Дәл сол секілді Бауыржан Момышұлы – Ұлттың символы! Ар-намысы! Ұлттың ұяты! Орысша айтсақ – «Совесть нации!». Осы атаудың бәріне бір өзі лайық. («Ұлттың ұяты» деп ол кісіден басқа тек Герольд Бельгерді атауға болатын шығар...)

Негіздеме керек десеңіздер:

1. Жүректің ғана емес, ақыл мен білімнің де теңдессіз батыры – соғыс кезінде 5 рет қоршаудан батальонын аман алып шығып қана қоймай, оның құрамын көбейтіп алып шығып отырған жалғыз командир.

2. Ұлттық мүддені әрқашан ту етіп биік ұстаған, өз мүддесінен жоғары қойып отырған. Тым ұлтшыл болмаса тез-ақ көтеріліп кететінін көріп отырса да, одан таймаған.

3. Ұлттық мәселеде ешқашан пендешілік деңгейге түспеген. Түскендерді кім болса да кешірмеген. 1970 жылы, 9-мамырда, Жеңістің 25-жылдығының құрметіне өтіп жатқан Әскери парадқа шақырылмаған соң өзі барып, Д.Қонаев пен Б.Әшімовтың арасына таяғын тығып, екеуін екі жаққа қарай итеріп-итеріп жіберіп, ортасына тұрып алып, Парадты өзі қабылдаған.

4. Адамгершілік тұрғыдан әрқашан биіктен көрінген. Аға сұлтан Есеней секілді «Құдайдың менің алдымда болмаса, менің Құдай алдында күнәм жоқ» деп айта алатындай хақысы болған адам.

5. Жазушылығы жағынан да теңдессіз «Ұшқан ұяны» қалдырса, «Аңыз бен ақиқаттың» да бейресми соавторы болған.

Енді өздеріңіз ойлаңыздаршы, «Халық Қаһарманы» атағын алған азаматтармен – бұрын Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген Сағадат Нұрмағанбетовтей батыр болсын, Роза Бағлановадай әнші болсын, совхоз директоры болсын, бәрі де лайық жандар – қалай Баукеңді бір деңгейге қоюға болады, обал емес пе?! Қазақты әлемге дәл Баукеңдей танытқан, таныған жұрттың бәрін таңғалдырған, тамсандырған, тәнті еткен басқа кіміміз бар? Қазақтың келбеті, төлқұжаты ғой ол! Алла-Тағалаға Баукеңді бергені үшін сансыз алғыс айтайық-тағы, өзіміз әлемде санаулы дара тұлғаның қадырына жете білейік те!

(Бауыржаны болғанда, өзбектер бұндай ұсынысты сол сәтте қуана-қуана  іске асырар еді деп ойлаймын. Себебі, онсыз да олар «Құдай дарынды қазаққа берген, қадырын бізге берген...» деп, әския айтады бізге).

Өмірзақ Ақжігіт

P.S. Болашақта ұрпағымыз «Ұлттық Батыр» деген атаққа кімді болсын ұсынғысы келсе, алдымен мың ойланып, сан толғанып барып қимылдар. Баукеңнің аруағы ойландырмай қоймас...

Abai.kz

69 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1525
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3303
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5922