Сенбі, 23 Қараша 2024
2426 0 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 12:36

Түркіменстан ДДСҰ мамандарын елге кіргізбеді

Түркіменстан билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының миссиясын елге кіргізбеді.

ДДСҰ-ның еуропалық аймақтық бюросының хабарлауынша, қазір Тәжікстанда жүрген ұйым мамандары Түркіменстанға баруы керек еді, бірақ әлі күнге дейін түркімен билігі оларға шақырту жолдамаған.

"Миссия қазір Тәжікстанда жұмыс істеп жүр. Одан соң Түркіменстанға баруы керек еді. Бірақ бұл мәселе әлі шешілмеді", - деді ұйымның еуропалық бөлімінің баспасөз хатшысы Стефан Брикман.

4 мамырда Азаттықтың түркімен қызметімен сөйлескен Брикманның айтуынша, ДДСҰ өкілдері түркімен билігімен келісіп, шақырту алуға үміттеніп отыр.

Түркіменстан билігі елде коронавирус тіркелген жоқ дейді, дегенмен түркімен президенті халықаралық онлайн-саммитте әлем елдерін COVID-19 вирусымен күресу үшін күш біріктіруге шақырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394