Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2320 0 пікір 10 Қыркүйек, 2011 сағат 06:42

Өңірдегі өзекті мәселелер тілшілер қойған сауалдарға арқау болды

Елордадағы «Бәйтерек» медиа орталығында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ республикалық және аймақтық, қалалық БАҚ өкілдерімен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Шығыстан бастау алған көптеген оң істер мен игі бастамалар, облыстың 20 жылда жеткен жетістіктері, Мемлекет басшысының жүктеген міндеттерінің орындалу барысы және басқа да көптеген өзекті мәселелер отырыстың негізгі әңгіме өзегіне айналды.

- Біздің ең басты мақсатымыз - Елбасының берген тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын көтеру, жағдайын жақсарту. Бүгінгі күнге дейін біздің облыста көптеген істер атқарылды. Республикада қандай ілгері басушылық болса, Шығыста да сондай жақсы нәтижелер бар. Аймақ экономикасы соңғы жылдары жақсы дамып, өсіп келе жатыр. Нақтырақ айтсақ, кейінгі жеті айдың көрсеткіші бойынша облыс экономикасының өсу қарқыны 7 пайыздын асып отыр, - деп сөзін бастаған облыс Әкімі ақпарат құралдары қызметкерлеріне өңірдің қазіргі ахуалы мен атқарылған қыруар істер жайында қысқаша таныстырды. Баспасөз жиыны барысында сонымен қатар «Демократия салтанаты», «Шығыс шынары» атты тамаша кітаптардың тұсаукесер салтанаты болып өтті.

Бұдан кейін журналистер өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Өңірімізге қатысты өзекті сауалдардың бір парасы мен облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ берген жауабын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Елордадағы «Бәйтерек» медиа орталығында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ республикалық және аймақтық, қалалық БАҚ өкілдерімен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Шығыстан бастау алған көптеген оң істер мен игі бастамалар, облыстың 20 жылда жеткен жетістіктері, Мемлекет басшысының жүктеген міндеттерінің орындалу барысы және басқа да көптеген өзекті мәселелер отырыстың негізгі әңгіме өзегіне айналды.

- Біздің ең басты мақсатымыз - Елбасының берген тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын көтеру, жағдайын жақсарту. Бүгінгі күнге дейін біздің облыста көптеген істер атқарылды. Республикада қандай ілгері басушылық болса, Шығыста да сондай жақсы нәтижелер бар. Аймақ экономикасы соңғы жылдары жақсы дамып, өсіп келе жатыр. Нақтырақ айтсақ, кейінгі жеті айдың көрсеткіші бойынша облыс экономикасының өсу қарқыны 7 пайыздын асып отыр, - деп сөзін бастаған облыс Әкімі ақпарат құралдары қызметкерлеріне өңірдің қазіргі ахуалы мен атқарылған қыруар істер жайында қысқаша таныстырды. Баспасөз жиыны барысында сонымен қатар «Демократия салтанаты», «Шығыс шынары» атты тамаша кітаптардың тұсаукесер салтанаты болып өтті.

Бұдан кейін журналистер өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Өңірімізге қатысты өзекті сауалдардың бір парасы мен облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ берген жауабын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

«Хабар» агенттігі:

- Жақын келешекте өңірде салынатын денсаулық сақтау, білім беру салаларының нысандары туралы айта кетсеңіз? Мектеп оқушыларына бал беру жағы қалай жүзеге асырылуда?

- Өкінішке қарай біздің облыста 28 мектеп, 34 аурухана апаттық жағдайда тұр. Біздің ең бірінші мақсатымыз - осы ғимараттардың орнына жаңасын салу. Апаттық мектептердің орнына биыл жаңадан 28 білім ошағын салуды бас-таймыз, оған жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал енді денсаулық сақтау саласына келсек, қазіргі уақытта бізде 11 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ жылжымалы дәрігерлік кешеннің біреуі Аягөз қаласында халыққа қызмет көрсетуде. Облыс аумағында Өскемен мен Семей қалаларында ғана бар диагностикалық орталықтардың өңірлік бөлімшелерін келешекте аудандарда ашуды көздеп отырмыз.

Бал жөнінде айтар болсам, мемле-кетіміздің болашағын ойласақ, хал-қымыздың денсаулығын ойлауымыз керек. Меніңше, еліміздегі балдың 80 пайызға жуығын өндіретін Шығыс Қазақстанда мектеп оқушыларына ең кем дегенде 10 грамнан бал беру онша қиын шаруа емес. Біздің облыстың бренді осы - бал мен марал шаруашылығы. Бұл екі саланы дамыту үшін арнайы бағдарлама қабылдадық, соған сәйкес былтырдан бері бюджет есебінен оқушыларға 10 грамнан бал бере бастадық. Бұл жұмыс ары қарай жалғасын табады. Оған қоса біз аталған екі саланы өркендету үшін жергілікті бюджеттен субсидия береміз. Қазір біз Үкіметке бұл ұсынысымызды айттық, заңға өзгерістер енгізілуде. Келешекте балды спортшылар мен науқас адамдарға да беру жағы қарастырылуда.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы:

- Шығыста туризмді дамытуда қандай іс-шаралар жүргізілуде, инфрақұрылым мәселесі қалай шешімін тауып жатыр? Экотуризмнің жағдайы қалай?

- Туризмді дамыту үшін алдымен инфрақұрылымды, соның ішінде жолдарды жақсарту керек. Біздің аймақта-ғы табиғаты әсем Катонқарағай, Күршім, Зырян сияқты аудандардың жолдары көбінесе асулары көп, бұралаңы қиын, таулы болып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүгінде біз осы қиын жолдарды жөндеумен айналысып жатырмыз. Еліміздегі ғана емес, Азиядағы шипалы жердің бірі саналған Рахман қайнарына баратын 37 шақырым жолсыз жерді жөндеуге қаржы бөлдік, келер жылдан бастап қолға аламыз. Сонымен қатар туризмді өркендетуге қа-жетті басқа да мәселелер назарда.

Экотуризм саласы бойынша отандық және шетелдік мамандармен бірлескен тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бұған біз мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерін тартудамыз.

«Хабар» агенттігі:

- Марал шаруашылығының бү-гінгі хал-ахуалы қалай, түз хайуан-дарының саны артып келе ме? Панты өнімдерінің жай-күйі туралы да айта кетсеңіз.

- Өте орынды сауал. Өкінішке қарай, соңғы уақытта маралдар саны кеміп кетті. Оған себеп - қаржылық дағдарыс пен өнімдерге деген тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмендеуі. Бүгінде Шығыс Қазақстан аймағында шамамен 15 мыңның төңірегінде ғана марал қалған, алайда соңғы кездері осы салаға көрсетілген материалдық қолдаудың арқасында марал басының саны аздап болса да өсіп келеді. Биыл бюджеттен 24 млн. теңгедей субсидия қарастырсақ, екінші жағынан асыл тұқымды шаруашылықтарға маңыз беріп отырмыз.Қазір төрт асыл тұқымды марал өсіретін шаруашылық жұмыс істейді. Ал оның өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға келсек, дәл қазір төртеуі істеп тұр. Бірақ бұның өзі жеткіліксіз, кәсіпорын өнімдерінің түрлерін көбейту қажет.

Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық орталығы:

‑ Кейінгі екі‑үш жылда Еуразия ұлттық университетіне тапсырып, оқитын шығысқазақстандық жастар қатары артып келеді. Соған байланысты облыстан біздің университетке арнайы гранттар бөліне ме?

- Негізі, Шығыстың жастары өте білімді. Сонау кеңес заманынан бері жалғасып келе жатқан дәстүр десек те болады, Шығыс Қазақстанның білімі әрқашан да жоғары болатын. Қазір де солай. Мұны сіздердің оқу орындарыңызды басқаратын Ерлан Сыдықов жақсы біледі. Бәлкім, содан да шығар, көпшілік жастарымыздың Еуразия университетіне тапсыруы. Жалпы, біз жылына екі жүз грант бөлеміз, олардың көбісі мұғалімдер, дәрігерлер және техникалық мамандар даярлауға өзіміздің жергілікті жердегі университеттерге ғана беріледі. Ал енді сіздің сауалыңыз бойынша келешекте ойланып көреміз.

«Нұр Астана» газеті:

‑ Өткен қыста халықты әбігерге салған Семейдің жылу проблемасы қалай шешілуде? Республика-лық маңызы бар Аягөз-Зайсан ба-ғытындағы тозып кеткен тас жол жөнделе ме?

- Семейдің жылу мәселесі ежелден бері шешімін таппай жүрген түйткілдердің бірі болатын. Себебі, ондағы жылу орталықтары өткен ғасырдың 36-48-жылдары салынған. Осыншама уақыт қызмет көрсеткен орталықтарды қанша жерден жөндегенмен ештеңе шықпайды. Ол жерлерге тек жаңадан жылу орталықтарын салу керек. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет Семейдің материалдық базасын нығайту жөнінде арнайы қаулы қабылдаған. Соған сәйкес мемлекеттен қаржы бөлініп, Семейдегі №1 жылу орталығында екі бу қазандығы жаңадан салынды. Жылу құбырлары да жөнделуде. Биыл республикалық бюджеттен 7 млрд. теңге, облыстық және қалалық қазынадан 2 млрд. теңге бөлінген. Осылардың барлығы сол жағалауда жүзеге асып жатқан шаруалар, ал енді оң жағалауда жаңадан жылу орталығын салу мәселесі басы ашық күйінде қалып отыр. Оған әзірге қаржы табылмауда. Тиісті қаражат беретін инвесторлар да жоқ болып тұр. Дегенмен, ағымдағы жылы Семейде былтырғыдай проблема тумауы керек. Дайындық шаралары ойдағыдай жүргізілуде.

Одан басқа жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үйлердің әбден ескіріп біткен жылу жүйелерін жаңарту бағытында бірқатар ауқымды істер атқарудамыз. Айталық, тұрғын үйлерді терможаңғырту бағдарламасы аясында Семей мен Өскеменде 70 үйге толық жөндеу жасалып жатыр.

Аягөз бен Зайсан арасындағы тас жолды құрып кетті деуге келмейді. Өйткені оған биыл жөндеу жұмыстары жүргізілген, бұл келесі жылы да жалғасады.

«Қазақ» радиосы:

- Шығыс Қазақстанның бүгінгі экологиялық ахуалы қандай? Өңір-дегі үдемелі индустриялды-иннова-циялық даму бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда? Семейдегі машина құрастыру зауытының қазіргі жай-күйі қалай?

- Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар істер тындырылған. Атап айтсақ, Өскеменде «Қазақмыс» компаниясының көмегімен алып кәсіпорындардың сыртқа шығарып жатқан газдарын сағат сайын зерттеп, бақылап, мониторинг жасап, қарапайым халыққа жеткізіп отыратын арнайы орталық ашылды. Қазір қаланың тоғыз жеріне олардың анықтау құрал-жабдықтарын қойдық, келешекте олардың санын көбейту ойымызда бар. Оның үстіне қоғамдық ұйымдардан құрылған арнайы комиссиямыз бар, осының бәрі - экологияны тазартуға арналған іс-шаралар. Мұнымен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да жұмыстар жалғасын таба береді.

Ал индустриялды-инновациялық жобалар туралы айтсам, облыста құны 605 млрд. теңге тұратын барлығы 37 жоба қабылданды. Осының былтыр құны 137 млрд. теңге тұратын 12-сі іске қосылды, болжам бойынша жыл соңына дейін бұлардан 97 млрд. теңге қаржының өнімі алынып, бюджетке 7 млрд. теңге шамасында салық түсіп, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отырмыз. Биыл жоспарға сәйкес құны 47 млрд. теңге болатын 13 кәсіпорын іске қосылуы тиіс.

Семей машина жасау зауытында
белорустармен бірігіп трактор құрас-тырсақ, биылдан бастап тіркемелер мен шөпті нығыздайтын техникалар шығарылады. Ал екінші зауытта кәріс компаниясымен бірге автобустар шығарылады. Бұл екі кәсіпорынның да жұмысы жаман емес, өйткені олардың тауарларына сұраныс бар.

Серік Әбілхан, арнайы «Абай.кз» ақпараттық порталы үшін.

Астана қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504