Сенбі, 23 Қараша 2024
2196 0 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 11:26

ҚХА 66 мыңнан астам адам­ға гуманитарлық көмек көрсетті

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бірлесе білген ел бәрін жеңеді атты мақаласы жарық көрген болатын. Баршы әлемді алаңдатып отырған коронавирус пандеиясына байланысты жарияланған бұл мақалаға Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасы Жансейіт Түймебаев та үн қосты.

 Түймебаев мырзаның айтуынша, Елбасы саяси көшбасшылық жасаған жылдарында қазақстандықтардың әлеуметтік һәм экономикалық ахуалы артқан.

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің саяси көшбасшылығы жылдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы ретінде «қауіпсіздік белдеуін» – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтып,еліміздің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін дәйекті түрде арттырды,-деді.

Сонымен қатар ол Елбасы құрған Ұлттық қор жөнінде де өз пікірін білдірді.

-Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылған кезде әртүрлі қоғам және саяси қайраткерлер тарапынан қаншама сын мен наразылық болғаны барлығымызға белгілі. Сол кезде өздерін халық игілігінің қамқоршылары ретінде көрсете отырып, олар «барлығын таратып беруге» шақырды. Егер бұл «шарик» тәсілі сол кезде іске асырылса, онда бүгінде ел ұлттық апаттың алдында болар еді,-деді Түймебаев.

Оның айтуынша, Елбасының қабылдаған шешімдері нәтижесінде халықтың әлеуметтік инфрақұрылым артқан.

-Елбасы Тәуелсіздік жылдары еліміз­дің әлеуметтік инфрақұрылымын арт­тыруға ерекше көңіл бөлді – «100 мек­теп – 100 аурухана», «Саламатты Қазақ­стан» бағдарламалары елімізге заманауи медициналық инфрақұрылым, озық жабдықталған ғылыми-медициналық орталықтар, бүгінде коронавирус пандемиясына лайықты жауап бере алатын жоғары кәсіби кадрлар тәрбиеледі.

Сонымен қата, ол«Дағдарыс – бұл жаңа мүмкіндіктер» –осындай қағидатты Елбасы Н.Ә.Назарбаев күрделі жағдайларда әрдайым басшылыққа алды және ол өзінің оң жемісін берді.

Бүгінгі таңда айтарлықтай өндірістік әлеует құрылды, әр жаңа дағдарыс жағ­дайында елдің көлік инфрақұрылымы дамыды, ауыл шаруашылығы қуатты серпін алды, ол Қазақстанның көптеген өңірінің даму локомотивіне айналды. Мұнай бағасының құлдырауы жағдайын­да агроөнеркәсіптік сектор біздің экономи­камыздың даму баспалдағы бола алады және болуы керек, мұнда бәрі тек өзімізге байланысты,- деді ҚХА Төрағасы.

Одан бөлек, Жансейіт Қансейітұлы Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Оның айтуынша, Ассамблея карантин кезінде де қолда бар мүмкіндіктермен азаматтық татулық пен келісімді нығайтуға, табысы аз адамдарды қолдап, карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге халықты жұ­мылдыру және төтенше жағдай режімі талаптарын орындау жөніндегі жұмыстарды жалғастырып жатқан көрінеді.

-Наурыз айының ортасынан бас­тап медициналық бетперделер дайындау және тарату бойынша ҚХА-ның респуб­ликалық «Біз біргеміз!» акциясы өтуде. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде 170 мыңға жуық қорғаныш бетпер­де мұқтаж азаматтарға тегін таратыл­ды. Ассам­блеяның Кәсіпкерлер қауым­дастығы, этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлері, корей, ұйғыр және неміс театрларының ұжымдары қорғаныш бет­перделерін тігетін шеберханалар ұйым­дастырды және халыққа таратты,-деді Түймебаев.

Сонымен қатар, Ассамблеяның #BizBirgemiz қайы­рымдылық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде 66 мыңнан астам адам­ға 83 млн 386 мың теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетілген.

-Бұл сандардың артында – қиын сәтте халықпен біртұтас екенін сезініп, қолынан келген көмектен аянбай, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға атсалысқан түрлі этностың мыңдаған өкілінің еңбегі жатыр,-деді ҚХА Төрағасы.

Одан бөлек, Ассамблея мүшелері COVID-19 виру­сының індетіне қарсы тұру, карантиндік режімді сақтау және алдын алу шаралары жөнінде ҚХА ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырған. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және басқа да облыстардың Волонтерлер клубының мүшелері сақтық шаралары туралы, сондай-ақ азық-түлік сатып алу, ХҚО-дан құжаттарды онлайн режімінде ресімдеу және алу мүмкіндігі туралы ақпараттық парақшаларды таратуды ұйымдастырды. Осындай жұмыстар ҚХА әлеуметтік желілерінде де жүргізілді.

Сонымен қатар #Бізүйдеміз бірыңғай хэштегімен іс-шаралар өткізуге бастамашылық жасап, түрлі желілік жобалар мен бейнесабақтар ұйымдастырды. Және, ҚХА мүшелері интернет желісінде мемлекеттік тілді онлайн оқыту жұмыстарын ұйымдастырды (В. Ким).

ҚХА Төрағасының айтуынша, карантин кезінде әр аймақ филиалдары үлкен белсенділік танытқан. Мәселен, Қарағанды қаласының Достық үйі этностар өкілдеріне және қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өкілдеріне арналған аптасына төрт рет өтетін бейнесабақтар ұйымдастырған. Ал, Қостанайлық ҚХА мемлекеттік тілді оқыту бойынша «Мәміле. Ситуативный казахский» онлайн-сабақтар сериясын іске қосты. Солтүстік Қазақстан облысында «Мәміле» жобасының онлайн нұсқасы іске қосылды (#онлайнМӘМІЛЕСҚО), ол «@ank_sko» іnstagram парақшасында іске асырылады. Осыған ұқсас жобалар басқа облыстарда басталды.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА жастары, ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының елордалық штабы #Бізүйдеміз жобасын қолдау мақсатында, Абайдың 175 жылдығына орай #АБАЙ175ҚХА хештегімен бейне-челленджге және «Көзімнің қарасы» әнін онлайн орындауға бастама жасады.

Қызылорда облысында көрнекті ақын­дар мен жазушылардың шығар­маларынан үзінді оқу акциясы өткізілді. Бетперделер тігу бойынша шеберлік сабақтары – 4 ролик орналастырылды. «Instagram», «Одноклассники», «ВКон­такте», «Фейсбук» әлеуметтік желіле­рінде қан донорлығын насихаттау бо­йынша «Біздің қанымыз бірдей» бейне-челленджін іске қосты. Барлық өңір #BizBirgemiz челенджін қолдауға ұқсас бейнеконтент орналастырды. Ұйғыр, корей және неміс ұлттық театрлары интернет желісінің түрлі платформаларында онлайн-көрсетілімдер ұйымдастырып, спектакльдер кестесін жариялаған.

Ассамблея өңірлерде карантиндік іс-шараларды қамтамасыз ететін медицина қызметкерлерін, ішкі істер органдары мен ТЖК жеке құрамын, әскери қызметшілерді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысады. Алматы қаласында Алматы облысының № 11 қосалқы стансасына көмек көрсетілді. 1 млн теңгеге 160 азық-түлік пакеті құрылып, 71 жедел жәрдем қызметкеріне тапсырылды. «Солтүстік Қазақстандағы «Ассамблея» корпоративтік қоры Петропавл қаласы ауруханаларының дәрігерлері үшін обаға қарсы 25 костюм сатып алды. Қосымша 10 арнайы костюм сатып алу жоспарлануда.

Қостанай облысының ҚХА волонтерлері зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тегін дәрі-дәрмектер таратуда медициналық мекемелерге қолдау көрсетті. Алматы облысының волонтерлері Талдықорған қаласының кіреберісіндегі санитарлық бекеттерге ыстық түскі ас жеткізуді қамтамасыз етті.

Қорыта айтқанда, коронавирус пандемиясының кең таралуы барша әлем халқын әбігерге салып отыр. Бұл өз кезегінде ел көшбасшыларына да үлкен сынақ екені сөзсіз. Алайда, бұл тұрғыда Қазақстан қауіпті індеттің алдын алу шараларын дер кезінде қабылдағаны азаматтардың қауіпсіздігіне кепіл болды. Ал, Елбасы мақаласы ертеңге деген сенімді нықтай түскендей.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485